Жаңалықтар

Отбасылық бизнес: еліміздің 4 қаласында 4 млрд теңгенің есірткісі тәркіленді

Есірткі бизнесі иелері құрықталды

 Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесе Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарында арнайы операция жүргізіп, Қытай, Өзбекстан мен Қырғызстанмен шекарада заңсыз қару сатып, есірткі таратып, өзге де ауыр қылмыс істеді деген күдікпен 72 адамды ұстады,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы kursiv.media-ға сілтеме жасап.

Сонымен қатар, ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті құрамында көкнәр сабаны мен апиын қоспалары бар тағам көкнәрін шетелден жеткізу арнасының жолын кесу бойынша кең ауқымды арнайы операциясы аясында айналымға апиынның бір миллионнан астам бір реттік дозасын жіберуге тосқауыл болды.

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бұл операцияны Батыс Қазақстан облысының полициясымен және көлік полициямен бірлесіп жүргізген.

«Арнайы мақсаттағы бөлімшелердің қолдауымен құрылған жедел-тергеу топтары Орал, Ақтөбе, Шымкент және Алматы қалаларының аумағында Алматыда апиын көкнәрін сатып алып, оны еліміздің батысында сатқан сегіз адамды ұстады. Есірткі трафигін Шымкент қаласының 50 жастағы тұрғыны ұйымдастырған. Ол Ақтөбе мен Оралдағы төрт дүкеннің иесі болып шықты. Сол арқылы күдікті есірткі жасауға арналған көкнәр сабаны мен өнеркәсіптік еріткішті сатқан. Полиция бір мезгілде Астана, Алматы, Орал, Шымкент, Ақтөбе, Қостанай, Көкшетау, Рудный қалаларында 35 тінту іс-шарасын жүргізіп, күдіктілерді ұстады», – дейді ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Сарқытбай Құсайынов.

Орал қаласында жүргізілген тінту барысында екі дүкенде 13 қап кептірілген көкнәр сабаны, еріткіші бар қораптар, таразылар, есірткі саудасынан алынған ақша ағындары тіркелген кассалық журналдар тәркіленген. Ал Ақтөбеде тағы 68 қап көкнәр сабаны мен еріткіші бар қаптамалар табылған.

Шымкентте қылмыстық бизнесті ұйымдастырушы ұсталып, оның үйінен есірткі саудасының қаржы ағындары тіркелген алты кассалық журнал, бес қап кептірілген көкнәр сабаны, Toyota Land Cruiser Prado 150 жол талғамайтын автокөлік, сондай-ақ DAF ауыр жүк көлігі табылған.

Ал Алматыда қылмыстық топ мүшелерінің бірі жалға алған қойма үй-жайларына тінту жүргізіліп, 22 тоннадан астам көкнәр сабаны, сондай-ақ BMW X5 автокөлігі анықталып, тәркіленген.

Осы уақытта көлік полициясы да тексеру жүргізіп, Астана, Алматы, Қостанай және Рудный қалаларында апиын көкнәрін сату бойынша ортақ отбасылық қылмыстық бизнесті жолға қойған жеті фигурантты ұстаған.

«Жүргізілген арнайы операциялар нәтижесінде қылмыстық топтың 15 мүшесі ұсталды. Олар 15 жылдан 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. 104 тоннадан астам көкнәр сабаны, 600-ден астам «тропикамид» және «мидекс» дәрілік препараттарының бөтелкелері, шамамен 5 млн теңге, 4 автокөлік және DAF ауыр жүк көлігі тәркіленді. Бұл ретте бір реттік доза үшін 0,2 грамм экстракциялық апиын жеткілікті екенін атап өткен жөн. Осылайша айналымға апиынның бір миллионнан астам бір реттік дозасы жіберілмеді. Тәркіленген өнімнің құны 4 млрд теңгеге бағаланады», – деді Сарқытбай Құсайынов.

Елімізде есірткі саудасы қызып тұр. Бұл қылмыс көбінрде шетел азаматтарының қатысуымен жүргізіледі. Осыған орай, жақында Ұлттық банк елімізде 1,5 мыңға жуық банк картасын шетелдіктер есірткі саудасы үшін қолданатынын анықтап, шектеу шараларын енгізді.

Тоғыз айдың ішінде Қазақстан Респубикасы аумағында 2700 есірткі сайты бұғатталған. Электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып есірткі заттарын өткізудің 343 фактісі енгізілді.

Ескерте кетейік, есірткі өнімдерін тұтыну денсаулығымызбен қатар болашағымыздың да бұлыңғыр болуына әсер етеді.Бұл – қазіргі қоғамның ең өзекті проблемаларының бірі болып отыр. Бүгінгі таңда, есірткіні ғаламтордан немесе түнгі клубтардан оңайшылықпен сатып алуға болады. Әдетте, алғашқы кезде сатушы есіркіні тегін ұсынады, ал тәуелділік пайда болған соң, көп ақша талап ете бастайды. Сондықтан, нашақорлар жаңа дозаға қол жеткізу үшін ұрлық немесе тонау сияқты қылмыстық әрекеттерге баруға мәжбүр болады.
 

Нашақорлық жастардың есірткіге деген қызығушылығынан басталады. Іші пысқан немесе жаңа эмоция сезінгісі келген жасөспірім, бір рет дәмін татып көрген соң, бұл әсерді тағы да сезінгісі келеді. Осылайша, тәуелділік туындайды. Жақын адамдардың тарапынан махаббат пен жылулықтың болмауы және ата-ана мен бала арасындағы түсінбеушілік, осы дертке әкелуі мүмкін. Жас балалар есірткінің көмегімен, жанұядағы проблемалардан және жағымсыз эмоциялардан арылғысы келеді. Депрессия, бақытсыздық, мазасыздық және өз күшіне сенбеушілік секілді белгілер өз-өзін төмен бағалайтын және басқаларды өзінен жоғары санайтын адамдарға тән. Олар ештенеге қызығушылық танытпай, тұйық өмір сүреді. Ішкі ауруын басатын жолдарды іздеу барысында алкоголь, есірткі сияқты «көмекшілер» сахнаға шығады.
 

Жүйке жүйесі, жүрек және бауыр қатты зардап шегеді. Ұзақ уақыт пайдалану ішкі ағзалардың жұмысын бұзады. Есірткіні қабылдауды тоқтатқаннан кейін депрессия, қатты шаршау және ұйқышылдық басталады. Ағзаны қалпына келтіру үшін уландырғыш затты қайтадан қолдану керек болады. Нашақордың өмірі түбегейлі өзгереді. Ол өтірікші, дөрекі, қатал және өзімшіл адамға айналады. Бірте-бірте оның ойлау қабілеті төмендейді. Достарының сенімін жоғалтып, жақындарынан айырылады бастайды. Жанында тек өзі сияқты нашақорлар ғана қалады. Кезекті «дозаға» ақша табу үшін кез-келген әрекетке баруға дайын, тіпті адам өлтіруі де мүмкін. Зерттеулерге сәйкес, нашақорлардың жартысынан көбі – қылмыскерлер.

Нашақор адамдардың туыстары, науқасты дәрі-дәрмектердің көмегімен емдеуге тырысады. Алайда, бұндай дәрілердің құрамында есірткі компоненттері болуы мүмкін. Бұл жағдайда ем сәтті аяқталмайды, өйткені, бір есірткі екіншімен ауыстырылады. Сондықтан, оларды үй жағдайында емдемей, арнайы емдеу мекемесіне апарған жөн. Наркологтар бұл ауруды емудеудің жаңа тиімді әдістерін іздеуде. Нашақорлықпен күресу – қиын және ұзақ процесс, оны жеңу үшін науқас және оның отбасы барлық күш-жігерін салуы керек.