Жаңалықтар

"Тойға дайындық": Шымкентте жас жұбайлар карантин кезінде фотосессия ұйымдастырды

"Тойға дайындық": Шымкентте жас жұбайлар карантин кезінде фотосессия ұйымдастырды

Шымкенттік жас жұбайлар карантинге қарамастан саябақта фотосессия ұйымдастырды, - деп хабарлайды  NewsRoom+ тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Желіде жас жұбайлардың дендросаябақта серуендеп жүрген видеосы тарады. Шымкент қаласының полиция қызметкерлері жас жұбайлардың жеке басын анықтап, оларды бөлімшеге жеткізді. Олар өз әрекетін тойдың алдындағы дайындық деп түсіндірген. Жастар арнайы фотосессия жасап, бейнеролик түсірген. Салтанатты шараның өзін карантиндік режим аяқталған соң өткізуді жоспарлап отыр. Алайда, карантин режимі кезінде қоғамдық орындарда әлеуметтік қашықтықты сақтамағаны және бетперде тақпағаны үшін полиция қызметкерлері олардан түсініктеме алды. "Жиналған әкімшілік материал санитарлық-эпидемиологиялық қызметке тиісті шешім қабылдау үшін жіберіледі", - деп түсіндірді Шымкент қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі.