COVID-19: ұлыбританиялықтар жаппай азық-түлік сатып алуда

28 Ақпан, 2020 183 0

Ұлыбританиялықтар коронавирус жұқтырғандардың саны артуына байланысты азық-түлік пен залалсыздыратын құралдарды жаппай сатып алуда, деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат агенттігінің тілшісі Tengrinews.kz-ге сілтеме жасап. 

Осылайша олар дүниені дүр сілкіндірген аурудан барынша сақтық шараларын орындауда. Кейбір сауда орындарында қолды залалсыздандыратын құралдардың тапшылығы арта түскені де айтылған. Қазіргі таңда Ұлыбританияда жалпы ауру жұқтырғандар саны 15. 

Шетелдік БАҚ, егер ауырғандар саны көбейе түссе, оқу орындарын бірнеше айға жабылатынын жариялапты. Аурудың тез таралуынан сескенгендіктен, 13 орта мектеп өз жұмысын тоқтатқан. Сондай- ақ Италияға шаңғы жарысына  қатысқан 20 оқу ошақтарының мұғалімдері мен оқушыларын екі апталық мерзімге үйлеріне жөнелткен. Еске сала кетсек, онда 650 ге жуық адам ауру жұқтырып, 14 адам қаза болған.


Меруерт АМАНГЕЛДІ



Тегтер: ұлыбритания, лондон, короновирус, жаңалықтар, әлем, оқиға, вирус, қытай

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.