Сарыағашта полицейлер зорлық-зомбылық көрген тұрғындармен кездесті
Түркістан облысында тәртіп сақшылары зорлық-зомбылық құрбандарымен кездесті
Бұл туралы newsroom.kz порталы Сарыағаш ауданы полиция бөліміне сілтеме жасап хабарлайды.
04.11.2023 жылы Сарыағаш ауданы Полиция бөлімі мен ауданы әкімдігі жанынан құрылған ведомствоаралық сервистік топ мүшелері, атап айтқанда Сарыағаш АПБ ЖПҚ ӘЗЗҚ аға инспекторы полиция подполковнигі А.Кубегенова, Сарыағаш АПБ ЖПҚ УПИ полиция капитан, Ж.Ибрахим, «Жастар ресурстық орталығының» бас маманы С.Джанбаев, «Мансап» орталығының маманы Б.Жандаров және «Жастар ресурстық орталығының» психологы С.Жаржанованың қатысуымен Сарыағаш ауданында отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, себебін анықтау, сондай-ақ зәбір көрген азаматшалараға әлеуметтік-психологиялық және құқықтық көмек көрсету мақсатында,тұрғылықты мекен-жайлары бойынша аралау жұмыстары жүргізілді.
Аталған аралау кезінде зорлық-зомбылық көрген азаматшалардың әлеуметтік көмекке мұқтаж екендігі анықталып,оларға тиісті мамандар өз кеңестерін берді. Алдағы уақытта осы көмекке мұқтаж азаматшаларға психологтар мен әлеуметтік-бағдарламарбөлімінің мамандары тисінше өз көмектерін аямайтындығын атап өтті.
Айта кетейік, біздің дамыған қоғамда тұратынымызға қарамастан, отбасылардағы тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары өте жиі кездеседі. Көбінесе адамдар бұл туралы ашық айтпайды – онысы бекер. Қазақстан Республикасының Конституциясында адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды, әркімнің ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар деп анық жазылған.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 73 бабы бойынша жауапкершілікке тартылуы мүмкін, ал олардың әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамы бар болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 109 (ұрып-соғу), 110 (қинау), 131 (қорлау) баптары бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелер қызметінің құқықтық негізін БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы мен Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы конвенци, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексі, Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексі, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Ішкі Істер органдары туралы» Заңы және басқа нормативтік құқықтық актілер құрайды.