Жаңалықтар

Түркістан облысының кәсіпкерлері «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауына қатысты

Дәстүрлі көрме-жәрмеңкесінде елордалықтар мен қала қонақтарының назарына үздік тауарлар қатары ұсынылып, байқау жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды newsroom.kz.

Аталған көрме қатысушылары өңірлік кезеңде іріктеліп алынды. Сонымен қатар қатысушы жеңімпаздар «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халық тұтынатын үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымдары бойынша анықталды. Отандық өнімдерді қолдау мен отандық өндірісті дамыту мақсатында ұйымдастырылған көрме-байқауға келген қонақтар облысымыздағы 80-нен астам тауар өндірушілерінің жұмысын жоғары бағалаған болатын, – деді Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының жобаларды сүйемелдеу бөлімінің басшысы Жанель Кали.

Облыс көлемінде үздік кәсіпорын атанған «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясының жеңімпаздары – «Mega-Agat» ЖШС , «Кентау трансформатор зауыты» және «Батсу Водоканал» ЖШС өңір атынан отандық тауар өндірушілер көрме-байқауына қатысты. Сондай-ақ, «Халық тұтынатын үздік тауарлар» номинациясы бойынша үздіктер – «Бекзат Бақ» ЖШС, «Asia Brand» ЖК, «Арай» ӨК, «Азық-түлік мақсатындағы үздік тауарлар» номинациясының көшбасшылары – «Балмұздақ» ЖШС, «Майлыкент Сүт» АШӨК және «Алекс» ЖШС өнімдерін көпшілік назарына ұсынды.

Оған қоса «Бір ауыл – бір өнім» жобасы бойынша «Қазақстанның үздік тауары – 2023» өңірлік көрме-байқауына қатысқан кәсіпкерлердің өнімін елордалықтар мен қала қонақтары аса қызығушылықпен тамашалады. Айта кетейік, жыл басынан бері аталған жобаға қатысуға ниеттілер арасынан 60-тан астам өтініш келіп түскен. Оның ішінде 3 кәсіпкердің өнімі үздік деп танылған.

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы өңір аумағында ҚР Үкіметінің «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобасы» аясында қаржылай емес қолдау шараларының бірі ретінде «Мен – кәсіпкер» құралын жүзеге асыруда. «Мен – кәсіпкер» құралының қызметтерінің бірі «Бір ауыл – бір өнім» жобасы.
Жыл басынан бері жобаға қатысуға ниетті кәсіпкерлерден 60-тан астам өтініш түсті. Солардың ішінен жобаның мақсаты мен талаптарына сәйкес келетін 17 кәсіпкердің өнімі «Қазақстанның үздік тауары – 2023» өңірлік көрме-байқауына қойылды. Негізінен «Бір ауыл – бір өнім» кем дегенде бір бәсекеге қабілетті өнім өндіру жолымен ауылды дамыту тұжырымдамасына негізделген жергілікті шикізаттан өнімді әзірлеу және ілгерілету жөніндегі қызметтерді ұсынуға бағытталған жоба.
«Алдын ала құрылған жұмысшы топ көрмеге қатысушы кәсіпкерлердің өнімдерін саралай келе 10 өнім үздік деп танылған болатын. Бүгін Бренд комитет отырысында әр кәсіпкер өз өнімін таныстырды. Комиссия мүшелері бағалау парағы арқылы тиісті талаптарға сәйкес өз бағаларын берді», — деді Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев.
Бренд комитет мүшелері басқосуда бұрын соңды білмеген өнім түрлерін көргенін атап өтті. Сондықтан барлық отандық өнімге лайықты деңгейде қолдау білдірілуі керек. Нәтижесінде ең үздік үштік деген атқа былғарыдан жасалған бұйымдарын ұсынған арыстық Алмакүл Есенкұлова, қатырылған жеміс-жидек пастилаларының пайдасын айтқан төлебилік Феруза Басуова, ұлттық өнімдерді насихаттап жүрген түркістандық Әйгерім Номанова лайықты деп танылды.
Үздік үштік атанған кәсіпкерлерге Асылан Сейілбекұлы сертификат табыстап, сәттілік тіледі. Жоба үздігі ретінде кәсіпкерлерге республикалық деңгейде сүйемелдеу жұмыстары жүргізіліп, палата тарапынан қолдау білдірілмек.