Аймақтар

Өрт сөндіру бөлімі басшылары төбелесіп, біреуі қайтыс болды

Таразда төтенше жағдайлар департаментінің лауазымды қызметкерлері төбелесіп, соңы кісі өлімімен аяқталды

Таразда төтенше жағдайлар департаментінің лауазымды қызметкерлері төбелесіп, біреуі жан тапсырды, - деп хабарлайды newsroom.kz порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Оқиға жұма күні таңертең қонақүй маңында болған. Желілерде тараған видеода ер адамның қатты соққыдан құлағаны анық байқалады. Соққыға жығылған адамжедел жәрдем келгенше қайтыс болған. 

Кейін марқұмның төтенше жағдайлар департаментіне қарасты өрт сөндіру және құтқару қызметінің бөлім басшысы екені белгілі болды. Ал ұрған ер адам №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің басшысы екен. Әріптесін ұрып өлтірген күдікті ұсталып, қылмысын толық мойындаған. 

Осы оқиға бойынша тәртіп сақшылары да, төтенше жағдайлар департаменті де ақпарат беруден бас тартып отыр. Айта кетейік, қаза болған подполковниктің артында алты баласы әкесіз қалды.