27 Мамыр несімен ерекшеленеді ?
27 Мамыр несімен ерекшеленеді ?
Құлдықты жою күні. Көптеген бұрынғы колонияларда «Құлдықты жою күні» мемлекеттік деңгейде атап өтілетін ұлттық мереке болып табылады.
Есте қалған оқиғалар
1992 жылы Жамбыл облысы Шу ауданының Балуан Шолақ атындағы ауылында балуан, ақын, композитор Балуан Шолаққа ескерткіш орнатылды.
2005 жылы Ақмола облысы Степногорск қаласындағы Мәдениет үйінің атауы «Достық және шығармашылық үйі» болып өзгертілді. Осыған сәйкес қала орталығында орналасқан көркем ғимараттың қызмет бағыты да ауысты.
2009 жылы Қарағанды облысындағы 500 кВ-тық «Ағадыр» қосалқы стансасында «Ағадыр-ОҚМАЭС» учаскесі іске қосылды.
2010 жылы қазақтың танымал ғалым-этнографы, фольклортанушы, географ-этнолог, саяхатшы әрі ағартушы Шоқан Уәлихановтың алты томдық шығармаларының үш томы қазақ тіліне аударылды.
2011 жылы Алматыда ҚР Ұлттық кітапханасында Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының аудиокітабының тұсаукесер рәсімі өтті.