Жаңалықтар

Прокурор Әлтаевқа 12 жыл сұрапты

Олжас Хайроллаев Әлтаевты 12 жыл қамауды сұрады

Прокурор сотта Мәжілістің бұрынғы депутаты Нұржан Әлтаевты 12 жыл темір торға қамауды сұрады, деп хабарлайды newsroom.kz порталы kaztag.kz - ке сілтеме жасап.

"Прокурор Олжас Хайроллаев өзінің бес минуттық сөзінде El-Tiregi тіркелмеген партиясының жетекшісі Нұржан Әлтаевты 12 жылға бас бостандығынан айыруды, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыруды сұрады", - делінген дүйсенбідегі хабарламада.

ҚР ҚК 366-бабының 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде пара алу) бойынша айып тағылып отыр.