Түркістанда университет ашу алғышарттары талқыланды
Онда Түркістанда аталған университетті ашу ұсынысы мен алғышарттары талқыланды.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев Түркістанға арнайы жұмыс сапарымен келген Қазақстан-Неміс университетінің (die Deutsch-Kasachische Universität) президенті, профессор ғылым докторы Вольрад Роммельпен кездесті, деп хабарлайды newsroom.kz.
— Қасиетті Түркістан қаласына қош келдіңіз! Қазақстан мен Германия арасындағы білім саласы бойынша бітімгершілік пен серіктестің нәтижесінде қол жеткізген жетістіктермен таныспыз. Оның ішінде Қазақстан-Неміс университетінің құрылуы – білім жүйесіне жаңашылдық алып келді. Хабардар боларсыз, Түркістан облысының құрылғанына бес жыл толды. Өңірде 2 милионнан астам тұрғын бар. Орташа есеппен 31 мың түлек мектеп бітірді. Бұл тұрғыда облысымыз республикада бірінші орында. Екі университет жұмыс істейді. Дегенмен жоғары оқу орындарын ашу идеяларын қолдаймыз.Сіздермен бірге жұмысшы топ қажетті шараларды ұйымдастыруға әзірміз, — деді Бейсен Дәулетұлы.
Сондай-ақ облыс әкімінің орынбасары өңір халқының 80 пайызы ауылдарда тұратынын жеткізді. Бірінші кезекте аграрлы салада мамандар даярлау өзекті. ІТ саласында кадрларға сұраныс жоғары. Соңғы бес жылда Түркістан облысында бірқатар шетелдік университеттер және институттардан филиалдар ашу туралы ұсыныстар келіп түсіп, бүгінде келісімдер жүргізілуде. Ғимарат салу уақытты қажет ететіндіктен, колледж нысандарында бастауға мүмкіндік бар. Тиісті бюджет есебінен студенттерге оқу гранттары қарастырылады.
Кездесуде Вольрад Роммель Екі елі Үкіметтері арасындағы университетті дамыту жөніндегі келісім негізге алынатынын айтты. Аталған университет ғылым мен білім көкжиегін кеңейтуге қауқарлы әрі жаңа технологиялармен қамтылған. Түркістандықтарға жылы қарсы алғандары үшін алғысын білдірді. Сапар аясында облыстық жауапты басқарма өкілдерімен бірге Кентау Көпсалалы колледжіне барып, жұмысымен танысты.
Айта кетейік, Қазақстан-Неміс Университеті 1999 жылы неміс стандарттары аясында мамандар даярлау мақсатында құрылған. ҚР БжҒМ аттестациясынан, ҚНУ НКАОКО агенттігі және ACQUIN (Германия) аккредитациялау өтіп, сертификаттау және сапаны қамтамасыз ету институты аккредитациясына қол жеткізген.
Күні бүгінге дейін ҚНУ Қазақстан мен Орталық Азиядағы жалғыз неміс жоғары оқу орны болып табылады.
Университеттің 2004 жылы ҚР білім және ғылым Министрлігінің, сондай-ақ Германия Академиялық Алмасу Қызметінің аттестациясынан табысты өтуі ҚНУ-дың білім сапасының жоғары екендігін көрсетеді. Осы уақытта неміс оқу бағдарламалары бойынша оқытуға ҚР БжҒМ арнайы рұқсатын алдық.
Үш жыл өткеннен кейін, 2007 жылы бірінші курстың жиырма студенті неміс стандартына сәйкес инновациялық мамандықтар бойынша білім ала бастады. Бұған осының алдында жүргізілген үлкен жұмыс пен ҚР БжҒМ мен ГФР сыртқы істер Министрлігі арасында жасалған ҚНУ-ға екі мемлекет тарапынан қарқынды қолдау көрсету туралы Келісімге қол қойылуы болатын.
2008 жылы Германияның Федералды президенті Хорст Келердің ҚНУ-ға ресми сапары кезінде Германия мен Қазақстанның ҚНУ инфрақұрылымын жетілдірілу үшін тығыз ынтымақтастық жасау туралы Келісімге қол қойылды. Сондай-ақ біз Миттвайда Жоғары Мектебімен, Шмалькальден Жоғары Мектебімен және Вильдау Жоғары Мектебімен емтихан нәтижелерін екі жақты мойындау және осыған сәйкес үздік студенттердің Германияда да, Қазақстанда да бакалавр дипломын алуы туралы келісімге қол жеткіздік. 2012 жылы Германияда білім алған «Қос диплом» бағдарламасының алғашқы түлектерін қарсы алдық.
2009 және 2014 жылдары ҚР БжҒМ аттестациясынан табысты өтті.
2014 жылы ҚНУ НКАОКО агенттігінің, ал 2015 жылы — ACQUIN (Германия) аккредитациялау, сертификаттау және сапалық қамту Институты аккредитациясына қол жеткізді.
Қазақстан-Неміс Университеті мамандарды даярлауды үш факультеттерде жүзеге асырады:
- Инжиниринг және ақпараттық технологиялар факультеті
- Әлем саясаты факультеті
- Экономика және кәсіпкерлік ісінің факультеті