Жаңалықтар

Басыңыз ауырса таңғалмаңыз: Магниттік дауылдар басталды

Бес күндік магнит дауылы басталды

Астрофизиктер күн белсенділігі деңгейі жоғарылағанын және сәйкесінше бірнеше күнге созылуы мүмкін магнит дауылы басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды newsroom.kz порталы zakon.kz-сілтеме жасап хабарлайды.

Ғарыштық зерттеулер институтының (ҒЗИ) Күн астрономиясы зертханасы мен Ресей ғылым академиясының Күн-жер физикасы институты (ISTP) мамандарының айтуынша, 20 қарашада таңертең магнит дауылы басталды. Оның қуаты G1 санатына сай келеді, яғни әлсіз болады.

Сонымен қатар 22-25 қараша, одан кейін 5 және 10 желтоқсанда геомагнит дауылы болады деп болжанып отыр.

  • Ауа-райына тәуелді адамдар ұйқы өзіне жеткілікті болатындай етіп, ыңғайлы кесте құруы керек. Шоғырлануды немесе физикалық белсенділікті қажет ететін әрекеттерден бас тартуы керек. Сонымен қатар рационнан кофе мен алкогольді алып тастау керек.
  • Қалыпты қан айналымын сақтау үшін жеткілікті мөлшерде таза су ішу керек. Ал күшті кофені шөп шайларымен немесе инфузиямен алмастырған дұрыс. Күйзелістен және алкоголь ішуден аулақ болу керек.

Бұған дейін 19-20 қазанда Жерді магнит дауылы соққан еді. Оның пайда болуына Күнде пайда болған алып дақ себеп болды.