Төлеби ауданында 2 млрд теңгеге балық өндіру зауыты бой көтермек
Бүгінгі күннің басты міндеті – жаңа кәсіпорындарды ашып, жаңа жұмыс орындарын құру, ауданға инвестициялар тарту.
Бұл бағытта Көксәйек ауылдық округіндегі 35 га аумаққа «Қазығұрт бақтары» АШӨК балық шаруашылығын дамытуды көздеп отыр. Жоба құны 2 млрд теңге, қуаттылығы жылына 2 мың тонна балық өндіру. Іске асыру мерзімі 2024-2025 жылдар. Нәтижесінде 20 жұмыс орны ашылады деп күтілуде, деп хабарлайды newsroom.kz.
Төлеби ауданында өнеркәсіп саласындағы жылдық жоспар 46 млрд.тг болса, 9 айдағы көрсеткіш 34,9 млрд.тг, нақты индекс көлемі 106,1 %. Өңдеу өнеркәсібі бойынша жылдық жоспар 42 млрд.тг болса, 9 айда 32,1 млрд.тг орындалып, нақты индекс көлемі 105,6 %. Аудан өнеркәсібінің басым бағыттары: битум өндіру, тамақ өнеркәсібі және құрылыс индустриясы.
Төлеби ауданында жалпы өңірлік өнім көлемі 106,4 млрд. теңгені құрап, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11.1 млрд теңгеге артығымен орындалған. құрылыс жұмыстарының көлемі 4,7 млрд. теңгені құраса, өнеркәсіп саласындағы бұл көрсеткіш 35,0 млрд. теңге, ауылшаруашылығы – 50,3млрд. теңге,
Төлеби ауданында 2023 жылдың 9 айындағы ауданның бюджет көлемі 15,3 млрд.теңге, трансферттер түсімі – 10,9 млрд.теңгені құрады. Ауданда шағын және орта кәсіпкерлік нысандары ашылып, кәсіпорындардың өнім көлемдері артып, туристік нысандардың саны өсуінен ауданның өзіндік кірістері де артуда. Нәтижесінде, ауданның өзіндік кірістер – 3,6 млрд.теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артты. 2023 жылғы кірістер жоспары 2022 жылдың нақты түсімімен салыстырғанда 879 млн.теңгеге ұлғайды, кірістер – 122,4%.
Аудан экономикасының негізін ауыл шаруашылығы құрайтыны белгілі. Ауыл шаруашылығы бойынша өндірілген өнім көлемі 9 айдың көрсеткіші бойынша 50,3 млрд.тг болса, оның 30,1 млрд.теңгесі мал шаруашылығына, 20,2 млрд.теңгесі егін шаруашылығына тиесілі. Биылғы жылы 65 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілсе, оның 22,1 мың гектар астық, 29,3 мың гектар жоңышқа, 1,2 мың гектар картоп, 100 гектарға ноқат, 1,8 мың гектар көкөніс. Бұл салада негізгі жүзеге асатын ірі жобаларға тоқтала кетсек: Көксәйек ауылдық округінде «ADS AGRO» компаниясы 600 млн. теңге несие алып, жылқы басын 1 800-ге жетікізіп, бордақылауда. Ет өнімін вакуммен орау және мал етінің сүйегінен ұнтақ шығару қондырғыларын орнатты.
Бүгінде ауданымызда ағын су тапшылығы күн санап артуда, осы мәлелені шешу мақсатында Кемеқалған ауылдық округінде 13 гектар жерге сыйымдылығы 1 мың текше метрді құрайтын «Қарақуыс» су қоймасының құрылысы басталды (200 млн. теңге бөлінді, жалпы құны – 1 123 млн. теңге). Тоған іске қосылғанда суармалы жер көлемі 305 гектарға ұлғайып, Абай елді мекенінің жерлерін ағын сумен қамтылады.
Аудан тұрғындарының 76 пайызы ауылды елді мекендерде тұрады. Осы тұрғындарды қолдау үшін биыл «Ауыл аманаты» жобасы аясында несиелендіру 6 бағытта жүзеге асырылуда. Атап айтқанда: ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтерін жабдықтау, тұрғындардың өз кәсібін жаңғырту, өсімдік, мал, құс, балық шаруашылықтары. Ауданда бағдарлама аясында Киелітас, Көксәйек ауылдық округтерінің азаматтарына несие беру жоспарланған болатын.
Сонымен қатар, аудан тұрғындарының сұранысы бойынша, Бірінші Мамыр және Қаратөбе ауылдық округтерінің азаматтары да аталған бағдарламаға енгізіліп отыр. Бүгінгі күнге ауданға жоспарланған 1,3 млрд теңгенің, 1,1 млрд теңгесіне құжаттары тапсырылып, 142 жобаға 817 млн.теңге несиесі берілді.
Кәсіпкерлік саласында іске асыралып жатқан инвестициялық жобалар: аудан таулы аймақ болғандықтан туризм саласын экономиканың негізгі драйверіне айналдыруымыз қажет. Ауданда демалушыларға қызмет көрсететін орындар саны 140 бірлікке жетіп отыр. 2023 жылдың 9 айында 31884 демалушыларға 691,2 млн теңгенің қызметі көрсетілді. Аудан аумағында бұл салаға тартылған инвестициялық жобаларға тоқтала кетсек, Алатау ауылдық округінде жеке кәсіпкер Еркінбек Бексултан демалыс аймағын іске қосуда, құны 100 млн.тг, 5 жұмыс орны, Ал Нысанбек елді мекенінде құны 800 млн. теңгені құрайтын жеке кәсіпкер Г.Файзиеваның демалыс орны ашылды. Сонымен қатар Ақмешіт шатқалында К.Ысқақовтың демалыс аймағы, жеке кәсіпке М.Сақыбаев қонақ үй, ресторан, бассейн құрылысын жүргізіп, 600 млн.тг инвестиция құйды. Тағы бір айта кететін жоба Зертас ауыл округінде жеке кәсіпкер К.Қожамжарова саумалымен сауықтыру орталығын іске қосты. 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Сондай-ақ Алатау ауыл округінде жеке кәсіпкер Т.Наралиевтың демалыс орны ашылған. Бүгінгі таңда Қоғалы ауылдық округінде құны 50 млн. теңгеге саумалымен емдеу орталығы іске қосылды. Кешенде тәулігіне 20 адам ем алуда. Сондай-ақ 2025 жылға дейін осы салада құны 4,5 млрд. теңге болатын 10 жобаны (демалыс аймақтары, қонақ үй мен спорт комплекс, оңалту-сауықтыру орталығы) іске асыру жоспарлануда. Нәтижесінде келуші туристер санын 55 мың адамға жеткізу көзделіп отыр.
Соңғы жылдары ауданда жаңа инженерлік-инфрақұрылымдар, тұрғын үй нысандары мен білім ғимараттары салынды. 5 елді мекенді (Көксәйек, Зертас, Бірінші Мамыр, Қаратөбе, Қайнар) тұрғын үй салуға жер телімдерімен (217 гектар) қамту үшін инженерлік-коммуникация жүйелерінің құрылыстары жүргізілуде (ауыз су, электр жүйесі, газ). Нәтижесінде, 1 мыңнан астам (1 007) жер телімі беріледі. 44250 адам жер телімінде кезекте тұр.
Облыстық бюджет есебінен Қапал батыр көшесіндегі 5 қабатты 48 пәтерлі 3 тұрғын үйдің құрылысын бастуға 60 млн теңге қаржы қарастырылды. Жоба құны 2 млрд 551 млн теңге. Сонымен қатар, халықтың осал топтарына арналған 20 пәтерге 192 млн теңге қаржы бөлініп, бүгінде үйлерді сатып алу рәсімдері жүргізілуде.
Жалпы аудан аумағында 680 шақырымды құрайтын 552 ішкі көшелер бар. 2022 жылы жақсы және орташа жағдайдағы асфальтталған жолдардың үлесі 85 пайыз немесе 535 шақырым болатын. Биыл бұл көрсеткішті 90.3 пайызға жеткіземіз деп жоспарлап отырмыз. Асфальтталған жолдардың ұзындығы 614 шақырым, 502 көшеге жетеді. Оның ішінде, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында ағымдағы жылы 29 көшеге 835 млн. теңгеге орта жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Аудандағы су құбырларының ұзындығы – 1 226 шақырым, абонент саны – 22 368 бірлік су есептегіштер – 20 856 дана. Аудандағы 55 елді мекеннің 54 елді мекені ауыз су жүйесіне қосылып, көрсеткіш 98.2 пайызды құрап отыр. Аталған мәселені толық шешу үшін ауыз сумен қамтылмаған Жаңакүш елді мекеніне тиісті қаржы қарастырылды (жалпы құны – 286 млн. теңге, бөлінгені – 245 млн. теңге). Нысан келесі жылы пайдалануға берілетін болады. Нәтижесінде аудан халқы 100 пайыз ауыз су жүйесімен қамтылады. Сонымен қатар, ауыз су сапасына да назар аударылуда. Ескірген су жүйелерін жөндеп, ашық су көздеріне су тазалағыш қондырғыларын орнату жұмыстарына биыл 1,2 млрд. теңге бөлініп, 9 нысан бойынша жаңарту жұмыстары жүргізілуде. (5 нысан (Керегетас, Зертас, Бейнеткеш, Нысанбек, Көктерек (Ленгір) биыл аяқталады, 4 нысан (Диханкөл, Ұзынарық, Алшалы, Жаңажол) өтпелі). Көктерек су тазалау имаратының құрылысын аяқтауға 64 млн теңге қаралды.
Бүгінде Ленгір қаласындағы өзекті мәселенің бірі –кәріз жүйесі. Төлеби ауданы бойынша 3 кәріз жүйесі бар, қала тұрғындарының 25,0% қамтылған. Жаңадан салынып, кәріз жүйесіне қосылған үйлердің санының артуына байланысты бұрынғы кәріз жүйесінің күші жетпеуде. Осыған орай, заман талабына сай келетін «Кәріздік тазарту қондырғысының» (КОС-3) құрылыс жұмыстары басталды. Жоба құны – 2,6 млрд. теңгені құрайды (биыл 900 млн. теңге бөлінді). Нысанды келесі жылы пайдалануға береміз деп жоспарлап отырмыз (сиымдылығы тәулігіне 3500 м3 су өңдейді).
Осы күнге дейін табиғи газға 55 елді мекеннің 51 –і қосылып, 21 149 абонент (115 366 адам) көгілдір отын тұтынушысы, қамтылу деңгейі 93 пайызды құраған болатын. Биыл Қасқасу, Жоғарғы Қасқасу, Керегетас, Кеңесарық елді мекендерінде табиғи газ құбырының құрылысы (2022 жылы 693 млн. теңге, 2023 жылы 144 млн. теңге) аяқталатын болады. (қосымша 1021 абонент көгілдір отынмен қамтылады) Нәтижесінде аудан халқы табиғи газбен 100 пайыз қамтылып, абонент саны 22 170 болады.