Жаңалықтар

Қостанайдың медициналық ұйымдары 300 жас маманмен толығады

Қостанайдың медициналық ұйымдары 300 жас маманмен толығады

2020 жылы Қостанай облысының медициналық ұйымдарына медициналық колледждердің 300 түлегі жұмысқа қабылданады, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап. Медицина колледжін аяқтайтын 300 жас маманның көбі – медбикелер, акушерлер мен фельдшерлер. Олар Қостанай жоғары медициналық колледжі мен Арқалық медициналық колледжін бітірді. Жас мамандарға жұмысқа орналасу үшін клиникалық практикаға рұқсат беретін сертификат алу қажет. Бұл құжатты енді онлайн жүйеде алуға болады. «Мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында түлектер үшін электрондық өтінім беру бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленді. Сертификат алғаш рет қашықтан беріледі. Әдістемені тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары жасады. Пандемия кезіндегі карантиндік шараларға байланысты облыстың қалалары мен аудандары бойынша көшпелі семинарлар тоқтатылды. Алайда, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын үйлестіру бөлімінің қызметі үзіліссіз жұмыс істеп тұрды», - делінген департаменттің баспасөз хабарламасында.