Жаңалықтар

Сауранда «Руханият керуені Түркістан төрінде» жобасы өтті

Түркістан облысында діни экстремизмге қарсы іс-шара өтті

Бұл туралы newsroom.kz порталы Түркістан дін істер басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін Сауран ауданы, Ескі Иқан ауылдық округіндегі Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжінде «Руханият керуені Түркістан төрінде» жобасы аясында деструктивті діни ағымдардың таралуының алдын алу, ұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттау мақсатында кездесу өтті.

Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен, дін істері басқармасының ұйымдастыруымен қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелер талқыланып өтті.

Кездесуде ғалым, ұстаз Арыстан Оспанов ұлттық рухты оятып, құндылықтарды насихаттайтын имандылық пен адамгершілік қасиеттерді дәріптеу, дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтану бойынша өз ойын ортаға салып, жастарды имандылыққа шақырды. Сонымен бірге, айтыскер ақын Біржан Байтуов Руханият керуені облыс көлемінде өтіп жатқандығына тоқталып, осындай кездесулердің маңызы жоғары екендігін атады.

Сонымен қатар, кездесуде дінтанушы ұстаздар халықтың пікірін біліп, сұрақтарына жауап берді.

Ескерте кетейік, бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі - деструктивті идеологиялардың таралуы. Деструктивті діни ағымдар азаматтарымыздың құқықтарын бұзатын, оларға психологиялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, зиянын тигізетін ағымдар. Олардың ортақ сипаты – діни ілімінің ақиқаттылық деңгейінен емес, оған мүше адамдардың қоршаған әлеуметтік ортадан оқшаулануы мен жетекшілік еткен азаматтарға көзсіз бағынуы. Мұндай ұйымдар тұлғаның рухани, психикалық және физикалык жағдайына қауіпті. Көбіне олар мемлекеттік стандарттар мен нормаларға, дәстүрлі дінге қарсы, мойындамайды. Сонысымен де қоғам үшін қауіпті және деструктивгі ағымдарда жасырын психологиялық зорлық қолданылады.

Ескерте кетейік, дін мәселесін зерттеумен айналысатын  мамандардан құрылған ақпараттық-түсіндіру топтарының жұмысы да өз нәтижесін беріп, жат ағымдардың  жолына тосқауыл бола алды деуге болады. Жат діни ағымдардың қызметінен зардап шегушілермен адрестік жұмыстар, оларды қалыпты ортаға қайта оңалту жұмыстары да жүргізіліп келеді.  Діндер тарихына үңілетін болсақ сан жылдар бойы дін атын жамылған талай жымысқы жат ағымдар пайда болып, кейін қайтадан жойылып кетіп отырған. Деструктивті діни ағымдардың бірі құрыса  оның орынына жаңасы пайда бола қалып, ғаламтор арқылы жылдам таралуы да  таң қалатын үрдіс емес. Сондықтан  да біз өз мүмкіндігіміз бен қабілетімізді, ықпалымызды пайдаланып, өскелең ұрпақты жат ағымдардың идеологиясынан сақтап қалуымыз керек.

Діни экстремизм ислам құндылықтарын сақтау жолында үндеу тастаған өздерінің пікірлестерін діни принциптерді бұзушылар деген айыптаулармен кінәлайды. Діни-саяси экстремизм болса, әртүрлі діни пікірлерге негізделгеніне қарамай, олардың іс-әрекеттері Қылмыстық істер кодексінің баптарына сәйкес келеді. Яғни, діни-саяси экстремизм - діттеген саяси мақсаттарына қол жеткізу үшін, дінді қалқан ете отырып әрекет етуші, дінге ешқандай қатысы жоқ іс-қимыл. Басқаша атағанда - терроризм (лаңкестік). Мұндай әрекеттер көбіне мемлекеттің құрамын күшпен өзгертуге немесе үкіметті басып алуға бағытталады. Қауіпті жағдайға айналған осындай әрекеттерді іске асыру, көбіне қарулы топтар құрып, өзара өшіктіру әдістерін қолдану арқылы дін және ұлттық қайшылықтарды қоздырумен, сондай-ақ адам құқын жаппай бұзумен қатар жүреді.
Мұндай шектен шыққан экстремизм әртүрлі мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп қана қоймай, дінаралық жағдайдың ушығуына да себепкер болуда. Экстремистер қай діннің атынан белсенділік танытса, бәрінен де көп зиян шегетін сол дін. Саяси экстремизм тек саяси мүддені ғана көздейді. Олар адамдардың дінге деген құрметі мен сенімін өз мақсаттарына кеңінен пайдалана отырып, дін үшін әрекет етіп жүргендей көрінуге тырысады.
Діни-саяси экстремизм әдетте ешқандай ымыраны мойындамай, ортақ келісімнен бас тартады, ешкімді жақтырмайды, тіпті оларды қолдап жүрген дін өкілдерінің пікірі болса да ешқандай саяси пікірлермен санаспайды. Діни экстремизм үшін «Харам мен халал» (арам мен адал), «өзіңе қалағаныңды басқаға да қала» деген қағидалар болмайды.

Қазіргі уақытта елімізде діни ахуал тұрақты. Дін мәселесін зерттеумен айналысатын  мамандардан құрылған ақпараттық-түсіндіру топтарының жұмысы да өз нәтижесін беріп, жат ағымдардың  жолына тосқауыл бола алды деуге болады. Жат діни ағымдардың қызметінен зардап шегушілермен адрестік жұмыстар, оларды қалыпты ортаға қайта оңалту жұмыстары да жүргізіліп келеді.  Діндер тарихына үңілетін болсақ сан жылдар бойы дін атын жамылған талай жымысқы жат ағымдар пайда болып, кейін қайтадан жойылып кетіп отырған. Деструктивті діни ағымдардың бірі құрыса  оның орынына жаңасы пайда бола қалып, ғаламтор арқылы жылдам таралуы да  таң қалатын үрдіс емес. Сондықтан  да біз өз мүмкіндігіміз бен қабілетімізді, ықпалымызды пайдаланып, өскелең ұрпақты жат ағымдардың идеологиясынан сақтап қалуымыз керек. Ол үшін мемлекет болып, қоғам болып жұмыла күресуіміз тиіс. Жастардың бойына патриоттық сезім,  қоғамдағы зайырлылық қағидаттарының нығаюуына,  дәстүрлі  құндылықтарымыздың берік сақталуын баса көңіл аударуымыз маңызды.

Жат діни ағымдардың қызметінен зардап шегушілермен адрестік жұмыстар, оларды қалыпты ортаға қайта оңалту жұмыстары да жүргізіліп келеді.  Діндер тарихына үңілетін болсақ сан жылдар бойы дін атын жамылған талай жымысқы жат ағымдар пайда болып, кейін қайтадан жойылып кетіп отырған. Деструктивті діни ағымдардың бірі құрыса  оның орынына жаңасы пайда бола қалып, ғаламтор арқылы жылдам таралуы да  таң қалатын үрдіс емес. Сондықтан  да біз өз мүмкіндігіміз бен қабілетімізді, ықпалымызды пайдаланып, өскелең ұрпақты жат ағымдардың идеологиясынан сақтап қалуымыз керек. Ол үшін мемлекет болып, қоғам болып жұмыла күресуіміз тиіс. Жастардың бойына патриоттық сезім,  қоғамдағы зайырлылық қағидаттарының нығаюуына,  дәстүрлі  құндылықтарымыздың берік сақталуын баса көңіл аударуымыз маңызды.