Жаңалықтар

Кентауда діни экстремизмнің алдын алу мақсатында рухани шара өтті

Түркістан облысында "Руханият керуені Түркістан төрінде” кездесуі өтті

Бұл туралы newsroom.kz порталы Түркістан дін істер басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

Түркістан облысы дін істері басқармасының ұйытқы болуымен Кентау қаласы Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында “Руханият керуені Түркістан төрінде” атты қала тұрғындары және қонақтарымен рухани кездесу өтті.

Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен, дін істері басқармасының ұйымдастыруымен өтті.

Кеш қонақтары танымал дінтанушы Арыстан Оспанов, белгілі айтыскер-ақын Біржан Байтуов ұлттық рухты оятатын құндылықтарды насихаттап, имандылық пен адамгершілік қасиеттерді кеш барысында дәріптеді.

Рухани шараға 600-ге жуық қала тұрғындары қатысты.

Ел болып қалыптасуда бірқатар тіректердің болу қажеттілігі бар. Олар – діні, тілі, жері, тарихы, ұлттық тағамы, ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. Әр бір ел өзінің рухани құндылықтарын дәріптеп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу парызы.

Айта кетейік, дін адам тарихының үлкен тағылым-тәрбиесінің бірі және рухани өмірінің негізгі тармағы. Өзіміз өмір сүріп отырған ортадан дінді бөліп қарау әсте мүмкін емес. Егемен ел атанып, тұғырымызды бекіткен жылдар аясында, мемлекетіміздің өсіп-өркендеуінде діннің алатын орны айрықша. Діні, тілі жоқ халықтың – болашағы жоқ. Дін әдептілік қағидалары мен қоғам бірлігін нығайтуда, тәрбиелік жүйелерді қалыптастыруда елеулі рөл атқарады. Дәстүрлі дін адам баласын ізгілік пен сабырлыққа ұйытып, өзгелерге жәбір көрсетуден, тәртіпсіздік жасаудан тыяды, ішімдік, есірткі, зинақорлық, нәпсіқұмарлық секілді жаман әдеттерден бойын алыс ұстауға тәрбиелейді. Дiн мен мемлекеттiң түйiсер жерi – елдiң тұтастығы жəне қоғамның ауызбіршілігі һәм тұрақтылығы. Сондықтан, екi тараптың өзара бiрiгiп əрекет ететін кеңiстiгiн, оның құқықтық тетіктерін уақыт талабына сай айқындап жəне жетілдіріп отырудың маңызы зор. 

Ескерте кетейік, дін мәселесін зерттеумен айналысатын  мамандардан құрылған ақпараттық-түсіндіру топтарының жұмысы да өз нәтижесін беріп, жат ағымдардың  жолына тосқауыл бола алды деуге болады. Жат діни ағымдардың қызметінен зардап шегушілермен адрестік жұмыстар, оларды қалыпты ортаға қайта оңалту жұмыстары да жүргізіліп келеді.  Діндер тарихына үңілетін болсақ сан жылдар бойы дін атын жамылған талай жымысқы жат ағымдар пайда болып, кейін қайтадан жойылып кетіп отырған. Деструктивті діни ағымдардың бірі құрыса  оның орынына жаңасы пайда бола қалып, ғаламтор арқылы жылдам таралуы да  таң қалатын үрдіс емес. Сондықтан  да біз өз мүмкіндігіміз бен қабілетімізді, ықпалымызды пайдаланып, өскелең ұрпақты жат ағымдардың идеологиясынан сақтап қалуымыз керек.

Діни экстремизм ислам құндылықтарын сақтау жолында үндеу тастаған өздерінің пікірлестерін діни принциптерді бұзушылар деген айыптаулармен кінәлайды. Діни-саяси экстремизм болса, әртүрлі діни пікірлерге негізделгеніне қарамай, олардың іс-әрекеттері Қылмыстық істер кодексінің баптарына сәйкес келеді. Яғни, діни-саяси экстремизм - діттеген саяси мақсаттарына қол жеткізу үшін, дінді қалқан ете отырып әрекет етуші, дінге ешқандай қатысы жоқ іс-қимыл. Басқаша атағанда - терроризм (лаңкестік). Мұндай әрекеттер көбіне мемлекеттің құрамын күшпен өзгертуге немесе үкіметті басып алуға бағытталады. Қауіпті жағдайға айналған осындай әрекеттерді іске асыру, көбіне қарулы топтар құрып, өзара өшіктіру әдістерін қолдану арқылы дін және ұлттық қайшылықтарды қоздырумен, сондай-ақ адам құқын жаппай бұзумен қатар жүреді.
Мұндай шектен шыққан экстремизм әртүрлі мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп қана қоймай, дінаралық жағдайдың ушығуына да себепкер болуда. Экстремистер қай діннің атынан белсенділік танытса, бәрінен де көп зиян шегетін сол дін. Саяси экстремизм тек саяси мүддені ғана көздейді. Олар адамдардың дінге деген құрметі мен сенімін өз мақсаттарына кеңінен пайдалана отырып, дін үшін әрекет етіп жүргендей көрінуге тырысады.
Діни-саяси экстремизм әдетте ешқандай ымыраны мойындамай, ортақ келісімнен бас тартады, ешкімді жақтырмайды, тіпті оларды қолдап жүрген дін өкілдерінің пікірі болса да ешқандай саяси пікірлермен санаспайды. Діни экстремизм үшін «Харам мен халал» (арам мен адал), «өзіңе қалағаныңды басқаға да қала» деген қағидалар болмайды.

Қазіргі уақытта елімізде діни ахуал тұрақты. Дін мәселесін зерттеумен айналысатын  мамандардан құрылған ақпараттық-түсіндіру топтарының жұмысы да өз нәтижесін беріп, жат ағымдардың  жолына тосқауыл бола алды деуге болады. Жат діни ағымдардың қызметінен зардап шегушілермен адрестік жұмыстар, оларды қалыпты ортаға қайта оңалту жұмыстары да жүргізіліп келеді.  Діндер тарихына үңілетін болсақ сан жылдар бойы дін атын жамылған талай жымысқы жат ағымдар пайда болып, кейін қайтадан жойылып кетіп отырған. Деструктивті діни ағымдардың бірі құрыса  оның орынына жаңасы пайда бола қалып, ғаламтор арқылы жылдам таралуы да  таң қалатын үрдіс емес. Сондықтан  да біз өз мүмкіндігіміз бен қабілетімізді, ықпалымызды пайдаланып, өскелең ұрпақты жат ағымдардың идеологиясынан сақтап қалуымыз керек. Ол үшін мемлекет болып, қоғам болып жұмыла күресуіміз тиіс. Жастардың бойына патриоттық сезім,  қоғамдағы зайырлылық қағидаттарының нығаюуына,  дәстүрлі  құндылықтарымыздың берік сақталуын баса көңіл аударуымыз маңызды.