Жаңалықтар

"Рұқсатсыз сүйіп, іш киімге қол салады": Қарағандылық ару Оңтүстік Кореядан шыға алмай отырғанын айтып жылады

"Рұқсатсыз сүйіп, іш киімге қол салады": Қарағандылық ару Оңтүстік Кореядан шыға алмай отырғанын айтып жылады

Сартаева есімді қарағандылық бойжеткен әлеуметтік желіге видео салып, қазақстандықтардан көмек сұрады. Айтуынша, Кореяға жақсы жұмысқа орналасуға барып, кейін сол жерден шыға алмай қалған. Сондай-ақ, дәл қазір өзінің ұятты жұмыс жасап отырғанын жасырмады. Бұл жағдайға қатысты ҚР СІМ пікір білдіріп, өкілдерінің бойжеткенмен кездесіп, қалын сұрағанын айтты.

"Төбем көкке жетіп отыр": Кореядан шыға алмай қалғанын жылап айтқан қазақ қызы елге оралды. Бойжеткен көп уақытқа дейін сыр бермеуге тырысып келгенін айтты. Яғни желіге әдемі суреттерін жүктеп, ел аралап жүрмін деп мақтанған. «Осы уақытқа дейін менде барлығы жақсы деп өтірік айтып келдім. Бұл елге тек демалу үшін келгенімді айтып жүрдім. Логикалық тұрғыдан ойланып көріңіздер. Мен бұл жерде 8 күннен бері жүрмін, ал қайтып оралу үшін 12 күнім ғана қалды. Себебі, бұл елде бір ай уақыт қана визамен жүре аламын. Кеденде мені қайтып оралу билетінсіз, қонақ үйге орналаспағанымды білмесе де өткізді. Мұның барлығы жайдан жай емес. Тіпті, ағылшын не кәріс тілін білмейтініме қарамастан, мені жертөлеге түсіріп отыр», - деп түсіндірді жағдайын бойжеткен. Әрі қарай ол дәл қазір қашып жүргенін, Қазақстанға орала алмайтынын айтты. Сондай-ақ, ол жас қыздарға Кореядан жұмысқа ұсыныс түссе, мүлдем келіспеуге кеңес берді. «Мен қазір қашып жүрмін, Қазақстанға орала алмаймын. Себебі мені әуежайда күтіп алады. Өйткені мені осы қалада тауып алып отыр. Бұл былықтан шыға алмай жатырмын. Кореяда жұмыс істеу туралы ұсыныс қанша ұтымды болса да, бұл нәрсеге келіспегендеріңіз жөн. Қазір тапқан ақшамның бәрі пәтерге кетіп жатыр», - деді ол. Оңтүстік Кореяда тұратын қазақ жігітінің көркіне кәрістер тамсануда  Бұдан өзге Сартаева қандай жағдайда жұмыс істеуге мәжбүр болып отырғанын жеткізді. Айтуынша, ер азаматтар зорламаса да, әуретті жерлеріне қолын салады. «Мен алдыңда отырған қонақ іш киімін шешіп, әуретті жерін уқалаудан ләззат алатын жерге тап болдым. Түсінесіздер ме? Сіз құры отырасыз, қонақпен бірге отырып әңгімелесесіз. Өйткені, әдемісіз. Кейін осы үшін ақша алып, үйіңізге қайтасыз. Мұны жезөкшелік деп ойлап қалуыңыз мүмкін. Бірақ олай емес. Себебі, сағатына 10 доллар аласыз. Сіздер Кореяның экономикасын дұрыс бағаламай жүр екенсіздер. Осы қаладан кейін басқасына бармайтын шығармын. Сізді кореялықтар рұқсатсыз сүйіп, іш киіміңізге қол сала бастайды. Олар өзіне осындай әрекетке баруға рұқсат етеді. Келесі күні араға 6 сағат салып, мен ол жерден қашып кеттім. Еліме қайта ораламын деген үміттемін», - дейді ол. Десе де, дәл қазір жалдамалы пәтерде жақсы адамдармен бірге тұрып жатқанын жасырмады. ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияр дәл қазір қазақстандық бойжеткенмен сол жақтағы өкілдердің байланысқа шығып үлгергенін айтты. Олар көмек қолын созуға әзір екенін жеткізген. «Қазақстан елшісі ол кісімен сөйлесті. Оның айтуынша, ол Оңтүстік Кореяға жұмыс істеп, кейін осы жұмысына сәйкес, виза алу үшін келген. Дәл қазір ол Ансан қаласындағы таныстарының үйінде тұрып жатыр. Елшіліктен ешқандай көмек сұраған жоқ. Жақын арада Қазақстанға қайтып келеді деп күтілуде», - деді Айбек Смадияр. Ақпарат: Stan.kz порталынан