Сауран: «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу және шетелде теологиялық білім алу қаупі» тақырыбында кездесу өтті
«А.Югнаки» мектебінде «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу және шетелде теологиялық білім алу қаупі» тақырыптарында кездесу өтті.
Бұл туралы newsroom.kz порталы Түркістан облысының дін істері басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.
16 қараша күні Сауран ауданына қарасты «А.Югнаки» жалпы орта мектебінде «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу және шетелде теологиялық білім алу қаупі» тақырыптарында кездесу өтті.
Кездесуге Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Тажыбеков, Түркістан облысының дін істері басқармасы “Дін мәселелерін зерттеу орталығы” КММ-нің бөлім басшысы Ж.Жорабек, Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасының “Қоғамдық келісім” КММ-нің Сауран аудандық филиалының маманы Н.Оспанов, “А.Югнаки” жалпы орта мектебінің директоры Ш.Ахметова қатысты.
«Деструктивті діни ағымдардың алдын алу және шетелде теологиялық білім алу қаупі» тақырыптарындағы кездесуді ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Тажыбеков ашып, кездесудің маңыздылығын атап өтті.
Кездесу барысында Ж.Жорабек деструктивті діни ағымдардың қауіптілігі мен сипаттамасы жөнінде мағлұматтар беріп, жастардың кереғар діни ағымдардың ықпалында қалуы қазіргі таңда өзекті мәселе екенін жеткізді. Сөз кезегін алған Н.Оспанов дін адамзат баласын игілік пен ынтымаққа шақырушы екенін, қоғамға және адам өміріне зиян тигізу дінге жат екенін жеткізді. Дін адамды ұлтына бөлмей бүкіл қоғам үшін бүкіл қоғам үшін ортақ екенін айтты. Қоғамдағы ынтымақтастық пен татулықта діннің алар орны ерекше екенін түсіндірді
Дәстүрлі емес діни ағымдардың таралуы мен оларға қарсы насихаттық шаралар туралы толыққанды түсіндірді. Кездесуде облыстық “Дін мәселелерін зерттеу орталығы” КММ тарапынан дайындалған арнайы бейнематериал көрсетіліп, ақпараттық материалдар таратылды. Теолог мамандар оқушылардың пікірлерін біліп, қойған сұрақтарына жауап берді.
Кездесу соңында ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Тажыбеков қатысушыларға алғысын білдіріп, кездесуді қорытындылады.
Айта кетейік, бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі - деструктивті идеологиялардың таралуы. Деструктивті діни ағымдар азаматтарымыздың құқықтарын бұзатын, оларға психологиялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, зиянын тигізетін ағымдар. Олардың ортақ сипаты – діни ілімінің ақиқаттылық деңгейінен емес, оған мүше адамдардың қоршаған әлеуметтік ортадан оқшаулануы мен жетекшілік еткен азаматтарға көзсіз бағынуы. Мұндай ұйымдар тұлғаның рухани, психикалық және физикалык жағдайына қауіпті. Көбіне олар мемлекеттік стандарттар мен нормаларға, дәстүрлі дінге қарсы, мойындамайды. Сонысымен де қоғам үшін қауіпті және деструктивгі ағымдарда жасырын психологиялық зорлық қолданылады.
Діни экстремизм ислам құндылықтарын сақтау жолында үндеу тастаған өздерінің пікірлестерін діни принциптерді бұзушылар деген айыптаулармен кінәлайды. Діни-саяси экстремизм болса, әртүрлі діни пікірлерге негізделгеніне қарамай, олардың іс-әрекеттері Қылмыстық істер кодексінің баптарына сәйкес келеді. Яғни, діни-саяси экстремизм - діттеген саяси мақсаттарына қол жеткізу үшін, дінді қалқан ете отырып әрекет етуші, дінге ешқандай қатысы жоқ іс-қимыл. Басқаша атағанда - терроризм (лаңкестік). Мұндай әрекеттер көбіне мемлекеттің құрамын күшпен өзгертуге немесе үкіметті басып алуға бағытталады. Қауіпті жағдайға айналған осындай әрекеттерді іске асыру, көбіне қарулы топтар құрып, өзара өшіктіру әдістерін қолдану арқылы дін және ұлттық қайшылықтарды қоздырумен, сондай-ақ адам құқын жаппай бұзумен қатар жүреді.
Мұндай шектен шыққан экстремизм әртүрлі мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп қана қоймай, дінаралық жағдайдың ушығуына да себепкер болуда. Экстремистер қай діннің атынан белсенділік танытса, бәрінен де көп зиян шегетін сол дін. Саяси экстремизм тек саяси мүддені ғана көздейді. Олар адамдардың дінге деген құрметі мен сенімін өз мақсаттарына кеңінен пайдалана отырып, дін үшін әрекет етіп жүргендей көрінуге тырысады.
Діни-саяси экстремизм әдетте ешқандай ымыраны мойындамай, ортақ келісімнен бас тартады, ешкімді жақтырмайды, тіпті оларды қолдап жүрген дін өкілдерінің пікірі болса да ешқандай саяси пікірлермен санаспайды. Діни экстремизм үшін «Харам мен халал» (арам мен адал), «өзіңе қалағаныңды басқаға да қала» деген қағидалар болмайды.
Қазіргі уақытта елімізде діни ахуал тұрақты. Дін мәселесін зерттеумен айналысатын мамандардан құрылған ақпараттық-түсіндіру топтарының жұмысы да өз нәтижесін беріп, жат ағымдардың жолына тосқауыл бола алды деуге болады. Жат діни ағымдардың қызметінен зардап шегушілермен адрестік жұмыстар, оларды қалыпты ортаға қайта оңалту жұмыстары да жүргізіліп келеді. Діндер тарихына үңілетін болсақ сан жылдар бойы дін атын жамылған талай жымысқы жат ағымдар пайда болып, кейін қайтадан жойылып кетіп отырған. Деструктивті діни ағымдардың бірі құрыса оның орынына жаңасы пайда бола қалып, ғаламтор арқылы жылдам таралуы да таң қалатын үрдіс емес. Сондықтан да біз өз мүмкіндігіміз бен қабілетімізді, ықпалымызды пайдаланып, өскелең ұрпақты жат ағымдардың идеологиясынан сақтап қалуымыз керек. Ол үшін мемлекет болып, қоғам болып жұмыла күресуіміз тиіс. Жастардың бойына патриоттық сезім, қоғамдағы зайырлылық қағидаттарының нығаюуына, дәстүрлі құндылықтарымыздың берік сақталуын баса көңіл аударуымыз маңызды.