Түркістан облысында есірткі сатқан 50 жас шамасындағы күдікті ұсталды
Ордабасы ауданында есірткі сатқан тұрғын ұсталды
Бұл туралы newsroom.kz порталы Түркістан облысының полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
Түркістан облысы ПД полиция қызметкерлері есірткі қылмысының алдын алу, болдырмау мақсатында тұрақты түрде жұмыс жүргізіп келеді. Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне жергілікті тұрғынның есірткі сатумен айналысатыны туралы хабарлама келіп түсті.
Ақпарат алысымен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген Ордабасы АПБ-ның полиция қызметкерлері есірткі қылмысына күдікті ретінде 50 жас шамасындағы жергілікті тұрғынды анықтады. Жедел уәкілдер ұсталған ер адамның тұрғылықты мекен-жайына тінту жүргізді. Нәтижесінде оның үйінде қағазға оралған және 40-тан астам сіріңке қораптың ішінен өсімдік тектес есірткіге ұқсас заттарды тауып алып, тәркіледі.
Сараптамаға сәйкес алынған есірткі заттарының жалпы салмағы «марихуана» болып шықты. Қазіргі таңда күдіктікті қамауға алынып, оған қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы "Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Ескерте кетейік, есірткі өнімдерін тұтыну денсаулығымызбен қатар болашағымыздың да бұлыңғыр болуына әсер етеді.Бұл – қазіргі қоғамның ең өзекті проблемаларының бірі болып отыр. Бүгінгі таңда, есірткіні ғаламтордан немесе түнгі клубтардан оңайшылықпен сатып алуға болады. Әдетте, алғашқы кезде сатушы есіркіні тегін ұсынады, ал тәуелділік пайда болған соң, көп ақша талап ете бастайды. Сондықтан, нашақорлар жаңа дозаға қол жеткізу үшін ұрлық немесе тонау сияқты қылмыстық әрекеттерге баруға мәжбүр болады.
Нашақорлық жастардың есірткіге деген қызығушылығынан басталады. Іші пысқан немесе жаңа эмоция сезінгісі келген жасөспірім, бір рет дәмін татып көрген соң, бұл әсерді тағы да сезінгісі келеді. Осылайша, тәуелділік туындайды. Жақын адамдардың тарапынан махаббат пен жылулықтың болмауы және ата-ана мен бала арасындағы түсінбеушілік, осы дертке әкелуі мүмкін. Жас балалар есірткінің көмегімен, жанұядағы проблемалардан және жағымсыз эмоциялардан арылғысы келеді. Депрессия, бақытсыздық, мазасыздық және өз күшіне сенбеушілік секілді белгілер өз-өзін төмен бағалайтын және басқаларды өзінен жоғары санайтын адамдарға тән. Олар ештенеге қызығушылық танытпай, тұйық өмір сүреді. Ішкі ауруын басатын жолдарды іздеу барысында алкоголь, есірткі сияқты «көмекшілер» сахнаға шығады.
Жүйке жүйесі, жүрек және бауыр қатты зардап шегеді. Ұзақ уақыт пайдалану ішкі ағзалардың жұмысын бұзады. Есірткіні қабылдауды тоқтатқаннан кейін депрессия, қатты шаршау және ұйқышылдық басталады. Ағзаны қалпына келтіру үшін уландырғыш затты қайтадан қолдану керек болады. Нашақордың өмірі түбегейлі өзгереді. Ол өтірікші, дөрекі, қатал және өзімшіл адамға айналады. Бірте-бірте оның ойлау қабілеті төмендейді. Достарының сенімін жоғалтып, жақындарынан айырылады бастайды. Жанында тек өзі сияқты нашақорлар ғана қалады. Кезекті «дозаға» ақша табу үшін кез-келген әрекетке баруға дайын, тіпті адам өлтіруі де мүмкін. Зерттеулерге сәйкес, нашақорлардың жартысынан көбі – қылмыскерлер.
Нашақорлыққа көбінесе жасөспірімдер шалдығады, алайда осы кезде ересектер арасында да есірткінің тұзағына түсіп қалған адамдар көбейіп келеді. Нашақорлық–жеке тұлғаның толық бұзылуы. Нашақорлықты емдеумен айналысатын мамандар оны «биопсихоәлеуметтік рухани» бұзылыс деп атайды. Яғни есірткіге тәуелді адам бірте-бірте өзін-өзі сыйлауды жоғалтады: өзінің адамгершішік қасиеттерін жояды, психикасы қалыпты болмайды, достарынан, отбасынан айырылады, мамандық ала алмайды және қоршаған адамдарға, өзіне зиян келтіреді.
Есірткілер немен қауіпті?
Есірткілерді тұтыну психикалық және тәндік тәуелділікке, адам тұлғасының кейде азғындалуға дейін өзгеруіне, денсаулығының нашарлауына (ауруларға және асқынуларға) әкеліп соғады және өміріне қауіп төндіреді.
Есірткі тұтынатын жасөспірімдер мен жастар өздерін қоғамға және Заңға қарсы қояды, олардың болашағы жоқ. Нашақорлыққа шалдыққан науқас өмірінің орташа ұзақтығы 2-3 жыл.
Нашақорлық қоғам дерті. Нашақорлықпен күресуге жалғыз адамның шамасы келмейді. Бұл жерде заң сақшылары нарколог мамандар, ата-аналар және сіздер мен біздер әрбір Қазақстан азаматы шетте қалмау керек. Ғасыр дертімен күресу керек. Дүниедегі ең қымбат нәрсе ол сенің өмірің. Сенің өмірің ол өз қолыңда.
Олай болса достар, денсаулығымызға зиян келтіретін нәрселерден, жаман әдеттерден аулақ болайық. Адам баласының жаман әдеттерден аулақ болуы ол өзін-өзі тәрбиелей білуі, өз денсаулығын қорғай білуі, адамдық қасиетін жоғалтпауы деп есептеймін. Біздің тәуелсіз мемлекетіміздің тірегі болатын ол қазіргі жас ұрпақ, сол мемлекетімізді биік шыңдарға жеткізу, халқына қызмет ету тек қана дені сау жастарымыздың қолынан келеді.
Нашақорлық туралы қаншама айтылып, көрсетіліп жүрсе де, оның азаймағаны рас. Сондықтан бұл дертпен жалғыздықта күреспей, ел болып,халық болып біріге күрессек ғана оның алдын ала аламыз. Нашақор жандардан дүниеге дені сау перзент келуі екі талай, себебі есірткі дүние есігін әлі ашпаған,іште жатқан сәбидің ағазаларың улайды, сондықтан жастар ойланайық, болшақ ұрпағымыздың өміріне балта шаппайық.
Нашақор адамдардың туыстары, науқасты дәрі-дәрмектердің көмегімен емдеуге тырысады. Алайда, бұндай дәрілердің құрамында есірткі компоненттері болуы мүмкін. Бұл жағдайда ем сәтті аяқталмайды, өйткені, бір есірткі екіншімен ауыстырылады. Сондықтан, оларды үй жағдайында емдемей, арнайы емдеу мекемесіне апарған жөн. Наркологтар бұл ауруды емудеудің жаңа тиімді әдістерін іздеуде. Нашақорлықпен күресу – қиын және ұзақ процесс, оны жеңу үшін науқас және оның отбасы барлық күш-жігерін салуы керек.