Жаңалықтар

Түркістан: Келестік оқушы қайың өркендерін өсіруде

Оның мaқcaты – қaйың ағаштарының емдік қасиеттері мен ерекшеліктерін зерттеу.

Келес ауданындағы №37 Рахымжан Қошқарбаев атындағы жалпы орта мектебінің 8-сынып оқушысы Нұрсұлтан Сәрсенбек қайың ағаштарының бірнеше түрлеріне сипаттама жасау арқылы лабораториялық жағдайда микроөркендерін арнаулы контейнерлік ыдыстарға бөліп өсіріп, оларды жеке торфты таблеткаларға отырғызды, деп хабарлайды newsroom.kz.

Жас ғалым «Қайың ағашының пайдасы мен ерекшеліктері шаруашылықта және медицинада қолдану» тақырыбында зерттеу жұмысын жүргізіп жатыр. 

Нұрсұлтан өз алдына арнайы міндет те қойған. Ол Корель және Даур қайыңдары декоративті болғандықтан қайыңның бұл түрін сабағынан немесе жапырағынан көбейту арқылы медицинада және адам денсаулығы үшін пайдасын сипаттау болатындығын айтады.

– Ақсу, Балдыберек, Төңкеріс, Қасқасу елді мекендерінде өсетін қайың түрлерінің микроөркендерін бөліп алып Түркістан облысының көрікті жерлеріне отырғызып көгалдандыру жaғдaйындa зepттeу apқылы жaңa ғылыми дepeктep aлуға болады, – дейді оқушы.

Ғылыми жетекшісі, биология пәнінің мұғалімі Сенбі Мамашов шәкіртінің ғылымға деген ынтасын дұрыс бағытқа бұрып, оның ғылым жолына түсуіне өз үлесін қосуда. Мектеп мұғалімі оқушысымен бірге қайыңның жас өркендерін торфты таблеткаларға отырғызуға көмектесті. Алдағы уақытта Нұрсұлтан осы зерттеуін ғылыми жобалар байқауына ұсынбақ.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі