Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шарасы өтті
Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Түркістан облысының аумағында рейд өтті
Бұл туралы newsroom.kz порталы Түркістан облысының полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
Яғни кәмелетке толмаған балалар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, жасөспірімдердің түнгі уақытта ойын-сауық орындарында, көшеде жүруін болдырмау үшін тәртіп сақшылары қоғамдық көмекшілермен бірге түнгі уақытта рейдке шықты. Іс-шара барысында беймезгіл уақытта қыдырып жүрген кәмелет жасына толмағандар анықталып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар ата-аналарына жеткізіліп, жауапкершілік қаралды.
Мәселен ағымдағы жылдың 10 айында ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабына сәйкес кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз тұрғын жайдан тыс жерде жүргені үшін 5 300-ден аса ата-ананың жауапкершілігі қаралды. Сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық орындарында балалардың заңды өкілінсіз болуына жол берген 114-ге жуық мекеме иелері ӘҚБтК-нің 132-бабымен жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды.
Айта кетейік, көліктегі қылмыстар - Қылмыстық заңнама бойынша - қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыс түрлерінің бірі.
Оларға мыналар жатады:
- темір жол, әуе немесе су көлігі қозғалысы мен оларды пайдалану қауіпсіздігінің ережелерін бұзу;
- көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы;
- жол-көлік оқиғасы болған орыннан кетіп қалу;
- көлік құралдарын сапасыз жөндеу және оларды техникалық ақауларымен пайдалануға шығару, мас күйіндегі адамды көлік құралдарын жүргізуге жіберу;
- көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіру;
- көліктің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ережелерді бұзу;
- пойызды қажет болмаған жағдайда өз бетінше тоқтату;
- көлікте қолданылатын ережелерді бұзу;
- магистралдық труба құбырларын салу, пайдалану немесе жөндеу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу;
- труба құбырларын закқмдау немесе қирату;
- кеме капитанының апатқа ұшырағандарға көмек көрсетпеуі;
- ұшудың халықаралық ережелерін бұзу.