Жаңалықтар

Көлгінов Нұр-Сұлтандағы блок-бекеттер қашан алынатынын айтты

Көлгінов Нұр-Сұлтандағы блок-бекеттер қашан алынатынын айтты

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов қаланың сыртындағы блок-бекеттер мамырдың соңына дейін алынбайтынын айтты, - деп хабарлайды NewsRomm+ тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

"Мамырдың соңына дейін блок-бекеттер алынбайды. Айдың соңына тама бұл туралы тағы да хабарлаймыз. Жағдай бақылауда", - деді әкім. Бұған қоса ол айдың соңына дейін облыс аумағында жүретін автобустардың қатынасы әлі жанданбайтынын атап өтті. "Егер қаладағы эпидемиялогиялық жағдай тұрақталса, маусымнан бастап облыстық автобустарды жүргіземіз", -деп қосты Көлгінов. Елорда әкімі қалада спортпен шұғылдануға рұқсат берілгенін, дегенмен жаттығу залдары әлі жабық екенін ескерді. "Дәрігерлер фитнес орталықтарды ашуға кеңес бермейді. Бұл мәселеге де кейінірек ораламыз", - деді шенеунік. Еске салайық, бұған дейін Нұр-Сұлтан әкімі қаладағы балабақшалардың жұмысына тоқталып өткен еді.