"Қауіпсіз ел": Полиция Түркістан облысындағы кәсіпорын жұмысшысының жарақат алу мен қаза болу себептерін анықтамақ

Кәсіпорын жұмысшысының жарақат алу мен қаза болу себептерін анықтау үшін тергеуді бастады

фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы newsroom.kz порталы Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.

13 қарашада Түлкібас аудандық полиция бөліміне "Sas-Tobe Technologies" ЖШС цехында өрт шыққандығы туралы хабарлама келіп түсті, өрт салдарынан 3 жұмысшыны түрлі дәрежедегі күйік шалған. Зардап шеккендердің бірі, Түлкібас ауданының тұрғыны, ол алған дене жарақатынан есін жоғалтып, ауруханада қайтыс болды.

Бұл факт ҚР ҚК-нің 156-бабы 3-бөлігі "еңбекті қорғау ережелерін бұзу"бойынша тіркелген. Қылмыстық іс аясында бірқатар тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Болған оқиғаның барлық мәнжайы анықталуда. Аталған факті бойынша тергеу Түркістан облысы ПД басшылығының бақылауында. СНХ: Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары Асылжан Оспанұлы Қалдарбеков.

Айта кетейік, тілсіз жау бүгінде көп адамның өмірін жалмады. Сондықтан өрт кезінде барынша сақ болған абзал. Осыған байланысты newsroom.kz порталы өрт кезінде не істеу керектігін назарларыңызға ұсынады.

  • Аузыңыз бен мұрныңызды кез-келген, мүмкіндігінше ылғалды матамен жабыңыз
  • Оттан қашыңыз
  • Жеделсатыны пайдаланбаңыз
  • Артық оттегінің кіруіне жол бермеу үшін терезелерді ұрмаңыз
  • Тез жанатын сұйықтықтарды (бензин, керосин) жəне қосылып тұрған электр аспаптарын сумен сөндірмеңіз

Үй жайда, биік ғимаратта, адамдар көп жиналатын жерде

  • Егер өрт ошағы кішкентай болса, өзіңіз өртті барлық қол жетімді құралдармен өшіруге тырысыңыз: өрт сөндіргіштермен, кез-келген тығыз матамен, құммен, гүл құмыраларының топырағымен, сумен жəне т. б.
  • Электр сымының оқшауламасы жанған кезде электр желісін арнайы орыннан өшіріңіз
  • Өрт жағдайы туралы көршілерге немесе басқа кабинеттердегі қызметкерлерге дереу хабарлаңыз жəне эвакуацияны бастаңыз
  • Электр жабдықтарын өшіріңіз
  • Мүмкін болса, есікті жауып, бөлмеден шығыңыз
  • Оттан қашыңыз, ештеңені іздемеңіз жəне жинамаңыз
  • Балалар мен қарт адамдарға көшеге шығуға көмектесіңіз
  • Кіреберісте немесе дəлізде түтін шыққан кезде, шығатын есікке еңбектеп барыңыз
  • Қауіпсіз жерге шығыңыз
  • Егер үй-жайдан баспалдақ арқылы шығу мүмкіндігі болмаса, түтін кіріп кетпес үшін кіретін есікті ішінен ылғалды матамен тығыздаңыз, содан кейін балконға шығып, өрт сөндіру қызметінің келуін күтіңіз
  • Жел кесірінен от қаттырақ жанып кетпеуі үшін есік жəне терезелерді жабыңыз

Автокөлікте немесе қоғамдық көлікте 

  • Өрт туралы жүргізушіге дереу хабарлаңыз
  • Көлікті тоқтатыңыз, қозғалтқышты өшіріңіз, тежегішке қойыңыз
  • Көліктен шығыңыз, қоғамдық көлікте апаттық люктер мен бүйір əйнектерді қолданыңыз
  • Өрт сөндірушілер келгенге дейін өрт сөндіргіштің, құмның немесе қардың көмегімен өртті сөндіруге тырысыңыз
  • Капот жанған кезде оны қолыңыздағы өрт сөндіргішсіз ашпаңыз (ашу кезінде оттегінің ағыны жалынды күшейтеді)
  • Автокөліктен алыстаңыз, себебі жанармай багы жарылуы мүмкін

Далада немесе орманда

  • Өрт ошағын тығыз материалмен, топырақпен, құммен сөндіруге тырысыңыз, жалынды шыбықтармен немесе ағаштардың бұтақтарымен қағып, сумен өшіріңіз жəне т. б
  • Өртті сөндіргеннен кейін, өрттің қайта жанбайтынына көз жеткізгенше кетпеңіз
  • Егер өрт қатты болса, оның таралу бағытына перпендикуляр қозғалып, тез кетіңіз
  • Егер кету мүмкін болмаса, ал жақын жерде су айдыны болса, оған түсіп, ылғалды киіммен үстіңізді жабыңыз
  • Ашық кеңістікте ауа аз түтіндеген жерге қарай бұғыңыз

101 немесе 112-ге қоңырау шалған кезде диспетчерге не хабарлау керек?

  • өрттің немесе жанудың мекен жайын
  • өрт нысанын (аулада, пəтерде, қоймада жəне т. б.)
  • жанған зат (теледидар, жиһаз жəне т. б.)
  • қажет болған жағдайда-кіреберіс, пəтер нөмірі, ғимараттың қабаттылығы жəне өрт қабатын, оған кіруге ыңғайлы жерді, аумаққа кіру кодтары жəне т. б.
  • тегіңіз бен телефоныныңызды

Жүктелуде...