13 жылдық тарихы бар: Астанада ЖЭО-3-тің үшінші қазандығы іске қосылды
Елордада ЖЭО-3 қазандығы іске қосылуда
Астанада ЖЭО-3-тің үшінші қазандығы іске қосылды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Төртінші қазандықты іске қосу осы жылдың желтоқсан айына жоспарланып отыр. ЖЭО-3-тің жалпы жылу қуаты сағатына 440 Гкал-ды құрайды.
Айта кетейік, осы жылдың қазан айында ЖЭО-3-тің бірінші кезеңінің құрылысы аяқталған, ол өз кезегінде қаладағы құрылысы ұзаққа созылған нысандардың біріне айналған. Осыдан кейін қуаты 220 Гкал/сағ болатын 2 қазандық іске қосылды.
ЖЭО-3 биылғы жылыту маусымында жұмысын бастады. Қазіргі уақытта үш қазандықтың қуаты сағатына 330 Гкал-ды құрайды. ЖЭО-3 сол жағалаудың бір бөлігін және жаңа салынып жатқан аудандарды жылумен қамтиды.
ЖЭО-3 қаладағы құрылысы ұзаққа созылған нысан болып саналды. Себебі жылу электр орталығының капсуласы 2010 жылы салынған.