Түркістан облысында денсаулығында кінәраты бар 31 жастағы жоғалған ер адамды іздеп тапты
Шымкентте полицейлер жоғалған ер адамды тапты
Бұл туралы newsroom.kz порталы Түркістан облысының полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
Шымкент қаласының жергілікті тұрғыны 31 жастағы ұлының үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағандығын айтып, полиция бөліміне арызданған. Анасының айтуынша, жоғалған ұлының денсаулығында кінәраты бар яғни сөйлей алмайды. Жақындары өздіктерімен іздестіру жұмыстарын жүргізгенімен, еш нәтиже шықпаған.
Содан кейін полицейлерден көмек сұраған. Жоғалған тұрғынды іздеуге Ордабасы аудандық полиция бөлімінің барлық тиісті қызметкерлері жұмылдырылды. Іздеу жұмыстары барысында учаскелік полицейлер түр-тұлғасы күдік тудырған азаматты назарға алады. Аталған азаматтан сұрақ - жауап алу барысында оның денсаулығында кінәраты бары және тұрғылықты мекен-жайы Шымкент қаласында екендігі анықталды.
Учаскелік полицей Ербол Суханов пен Ерзат Байдаровтар 31 жастағы ер азамат туралы жан-жақты деректерді іздестіруі нәтижесінде, оның Шымкент қаласында 2 күннен бері жоғалып, іздеуде жүргені нақтыланды. Полицейлер ер азаматты тұрақты мекен-жайына жеткізіп, ата-анасына аман-есен табыстады. Өз кезегінде анасы ордабасылық тәртіп сақшыларына өз қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін алғысын білдірді.
Айта кетейік, егер адам дүкенге шығып, қайта оралмаса, жұмысынан шығып, дағдылы уақытта үйге келмесе, оқу сабақтарынан, дискотекадан кейін келмесе, белгіленген жерге жетпесе - бұл алаңдататын жағдайлардың бәрі де ішкі істер органдарына хабарсыз жоғалған адамды іздестіру туралы өтініш берумен жүгінуге себеп бола алады.
Ақыл-ойымыз туысымыз немесе жақын адамымыз үшін әурешілік жағдайында бір шара жасау керек екенін есімізге салады. Тәжірибеде көбінесе жоғалған адамның қайда екені туралы қажетті ақпарат алу үшін оның таныстарына, детоксикация бөлімшелеріне (айықтырғыштар) және басқа медициналық мекемелерге немесе ішкі істер органдарының кезекші бөлімшелеріне қоңырау шалып алу жеткілікті болады.
Спиртті ішімдіктерге сүйіспеншілік - адамның уақытын айықтырғышта өткізуіне, күтпеген ауру ұстамасы - госпитализацияға, қызу мінез және құқықтық нигилизм - құқық тәртібі органдарының тарапынан жағымсыз салдарға әкеліп соғуы әбден мүмкін. Медициналық мекемелер пациенттерінің немесе ІІБ ұсталған азаматтарының ішінде жоғалған адамға ұқсайтын тұлға бар болғанын білгеннен соң, оның шын мәнінде де жоғалған адамыңыз болып табылатынына көз жеткізу керек.