Жаңалықтар

"Қауіпсіз ел": Полицейлер мүмкіндігі шектеулі ананың құжатын рәсімдеп берді

Созақта полицейлер мүмкіндігі шектеулі анаға көмектесті

Бұл туралы newsroom.kz порталы Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Созақ аудандық полиция бөлімінің көші-қон полицейлері құжаты жоқ жергілікті тұрғындарға олардың құқықтық мәртебесін анықтау және құжаттандыру үшін көмек көрсету жөніндегі жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыруда.

Осындай мәселелермен тексеріс жүргізу барысында, полиция қызметкерлері Шолаққорған ауылының тұрғыны, 1-ші топтағы мүгедек Есенкуль Байдаулетқызының жеке куәлігінің жарамдылық мерзімі өтіп кеткендігін анықтады. Осыдан кейін көші-қон қызметкерлері, тұрғынның құжаттарын тез арада рәсімдеп, дайындады.

Қысқа мерзімде дайындалған төлқұжатты, Созақ ауданы ПБ көші-қон полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Назым Мадиомир Шолаққорған ауылындағы Е. Токполатованың мекен-жайына арнайы барып, мүмкіндігі шектеулі анаға қайта рәсімделген жаңа төлқұжатын табыстады. Өз кезегінде мүмкіндігі шектеулі ана осындай тиімді көмек берілгеніне қуанып, полиция қызметкеріне шынайы алғысын білдірді.

Сөз орайы келгенде айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында мүмкіндігі шектеулі жандарға медициналық мекемелерде көрсетілетін көмекке қатысты мәселені ортаға салған болатын.

Мемлекет басшысының бұл бағытта нақты тапсырма бергенін Ақорда өзінің Twitter желісіндегі парақшасында жариялаған:

«Маңызды мәселе – мүмкіндігі шектеулі адамдарға барынша қолайлы жағдай жасау. Ең алдымен, барлық санаттағы мүгедектікті анықтау рәсімдерін түбегейлі жеңілдету керек. Қазір күтімге мұқтаж адамдардың өзіне тиесілі әлеуметтік қызметтерді пайдалануы өте қиын.

Олар онсыз да белгілі нәрсені дәлелдеу үшін түрлі кеңсенің табалдырығын тоздыруға мәжбүр. Цифрлық технологиялар мен автоматтандыру дәуірінде мұндайға жол беруге болмайды. Сондықтан, жұмыс тәсілін дереу өзгерту қажет.

Азаматтар өздеріне қажетті қызметтің барлығын бір ғана медициналық мекемеден алуы тиіс,- деп Мемлекет басшысы өзекті мәселені көтеріп, оның шешім жолдарын да көрсетіп, іске кірісуді тапсырған болатын.