Созақта жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында акция өтті
Мұрат Талапұлы тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді
Түркістан облысы Созақ ауданында Мұрат Талапұлы тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.
Түркістан облысы Полиция департаментінің басшысы Мұрат Қабденовтің бастамасымен барлық аудан қалаларда өткізіліп жатқан акция бүгін Созақ ауданында жалғасын тапты. Акцияның мақсаты - азаматтарға жол көлік оқиғаларының алдын алу, мас күйінде көлікке отырмау, сақтық шараларын ұстану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Еске салайық, Қазақстанда ғана емес, дүниежүзі бойынша жол-көлік оқиғалары мен соның салдарынан болатын өлім мен жарақат фактілері азаймай отыр. Адамдардың көлік құралдарына деген сұранысының арту тенденциясымен қатар, оны пайдалану барысында қоғам өміріне қауіп тудыратын жағдайлардың да көбейгендігін байқауға болады. Соңғы жылдары өзектілігін жоғалтпаған өзекжарды мәселеге Президент Қ.Тоқаев ерекше көңіл бөліп, заң бұзушыларды қатаң жазалауды тапсырды.
ҚР Президенті Қ.Тоқаев мас күйінде автокөлік жүргізгендерді қатаң жазалау керектігін тапсырған еді. Қалаларды дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте Президент: «Елімізде жол-көлік оқиғаларының көп тіркелетіні алаңдатады. Адамдар қаза тауып, жарақаттанып жатыр. Жол апатынан зардап шеккендер саны басқа елдердегі қарулы қақтығыстардан қаза табатындардың санынан кем емес. Жол қозғалысы мәдениеті айтарлықтай төмендеп кетті, - деді.