Жаңалықтар

Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының базасында алғаш рет технологияның көмегімен дәрігерлер өңештің жарығына лапороскопиялық ота жасады.

Аталған аурухананың 155 жылдығына орай мұнда бұдан басқа да бірнеше күрделі ота түрлері жасалды. Мерейтойға Қазақстанның республикалық орталықтарынан және шет елдерден арнайы келген білікті мамандар облыстың ақ халаттыларына шеберлік сабақтарын өткізіп, тәжірибесімен бөлісті, деп хабарлайды newsroom.kz.

№2 операциялық бөлімде мамандар күрделі кезеңге дайындаған 1963 жылғы пациенттің өңештің жарығы лапороскопиялық отасына анестезиялық көмек үшін оның тереңдігін көрсететін жаңа технология қолданылды. Су жаңа құрал анестезиолог дәрігерге қажет респираторлық және гемодинамикалық көрсеткіштен хабар береді. Аппарат ауруханада алғаш рет қолданылып отыр.

– Монитор Массимо – екі бөлктен тұрады. Бір жағы анестезияның тереңдігін көрсететін болса, екінші жағынан барлық анестезиолог дәрігерге қажетті көрсеткіштерді көрсетеді. Бұл өте маңызды науқас үшін де, дәрігер үшін де. Мұның бір ерекшелігі – барлығы инвазивті емес, яғни маңдайшадағы және қолдағы датчик арқылы көрсетеді, – дейді медицина ғылымдарының докторы Еркінбек Исмаилов. Облыстық клиникалық аурухананың 155 жылдық мерейтойы аясында 20-ға жуық ота жасалуда. Оның қатарында асқазан-ішек жолдары хирургиясы, урология, интервенция, гинекология және ортопедия салалары бар. Қазақстанның түкпір-түкіпіріндегі және шет елдердегі дәрігерлерге шеберлік сабақ барысы онлайн-трансляция арқылы көрсетіледі.

– Жасайтын оталарымыз – диафрагмалық жарық және тоқ ішектің бір бөлігін алып тастау отасы. Оны малоинвазивті түрде жасаймыз. Осы малоинвазивті хирургияға өкінішке орай, көп адам көрші мемлекетке кетеді. Бұл оталар Қазақстанда жоғары деңгейде жасалады, – дейді А.Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығы асқазан-ішек, эндокриндік ағзалар хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Әділ Шөкебаев.

Еліміздің бірнеше қаласынан және алыс-жақын шет елдерден келген мамандар шеберлік сабағын өтіп қана қоймай, лекциялар оқыды. Сондай-ақ, өңірге арнайы келген білікті ақ халаттылар облыстың дәрігерлері мен медицина саласының студенттеріне бірнеше маңызды тақырыпта баяндама жасап, сауалдарына жауап берді. Түркістан облыстық клиникалық ауруханасы оңтүстік халқына мамандандырылған және жоғары мамандандырылған көмек көрсететін өңірдің жетекші медициналық орталықтарының бірі болып табылады. Бүгінгі таңда аурухана құрамында 25 клиникалық бөлімше, 3 анестезиология және реанимация бөлімшесі, 4 консультациялық-диагностикалық емхана, 16 параклиникалық және көмекші бөлімше бар. Облыстық клиникалық ауруханада тәулік бойы жұмыс істейтін 800 төсек бар, оның ішінде терапевтік 425, хирургиялық 375.