Жаңалықтар

Түркістан: Сайрам ауданында 11 млрд. теңгеге 9 жоба іске қосылды

Сайрам ауданында жыл басынан бері жалпы соммасы 11 млрд. теңгеге 9 жоба іске қосылды.

Нәтижесінде 279 жұмыс орны құрылды. Атап айтсақ, күнбағыс майын шығаратын цех, газоблок және темірбетон зауыты, алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт, сондай-ақ жылыжай құрылысы, деп хабарлайды newsroom.kz.

Іске қосылған жобалардың ішінде – «Туран Агро ет-сүт» өндірістік кооперативі. 450 млн. теңгені құрайтын сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорында 20 жұмыс орны ашылады.

Бұдан басқа Қайнарбұлақ ауыл округіндегі «Gen Group Kazakhstan» компаниясы 5,3 га жерге банан өсіруге арналған жылыжай кешенін салды. Аталған кәсіпорынның Қазақстанда баламасы жоқ. Яғни бұндай кәсіпкерлік нысан тек Сайрам ауданында бар. Жылыжай жылына 1000 тонна банан өндіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар «Meat magnat» ЖШС-сі 2 мың ірі қара малға арналған бордақылау алаңын салып жатыр, құны 800 млн.теңге. Мұнда 10 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда.

Жыл соңына дейін құны 2,6 млрд.теңгеге 5 жоба іске қосылса, қалған 5 жобаны іске асыру 2024 жылға жоспарланып отыр. Бұл жұмыстар әлі жалғасын табады.

Аудан орталығы Ақсукент елді мекенінде орналасқан «ECO-BUILDING GROUP» ЖШС газоблок және бетон бұйымдарын өндіретін кәсіпкерлік нысанның жұмысымен танысты.  Аталған кәсіпорынның басшысы Мадияр Шадиярбекұлының айтуынша, жылына 150 мың текше метр газоблок өнімдері шығады екен. Жалпы жобаның құны - 1 026,3 млн.теңгені құрайды. Бүгінде онда 62 маман жұмыс істейді. Құрылыс материалдары – Шымкент, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарына өткізіледі,- дейді кәсіп иесі.  Айта кетейік, нысан газоблоктар және бетон бұйымдарының барлық түрлерін өндіреді.

Бүгінгі таңда ауданда мал шаруашылығының дамуы облыста жетекші орында тұр. Атап айтсақ өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ірі қара мал 105,3 % , яғни 241,6 мың бас артты. Ал, уақ мал – 105,6 % бұл 143,6 мың басты құрайды. Сонымен қатар, жылқы – 100,2 % - 80,5 мың бас және құс – 100,2 - 173,7 мың басқа ұлғайған.

Ет өндіру – 105,8 % (32,5 мың тн), сүт өндіру – 107,4 % (134,1 мың тн.), жұмыртқа – 101,5 %-ды (14,7 млн.дана) құрады.

Жалпы ауданда мал бордақылау ісі қолға алынған. 1038 мал бордақылау орындарында бір мезгілде 42 мың бас мал бордақыланады. Биылғы жылдың 10 айында барлығы 15,8 мың тонна ет экспортталды. Оның ішінде 11,0 мың тонна ІҚМ еті және 4,8 мың тонна қой еті.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі