Коронавирустың кесірінен тағы бір лицензиялық бәсеке өзге мемлекетке ауыстырылды

28 Ақпан, 2020 169 0

Академиялық ескек есуден 27-30 сәуір аралығында Оңтүстік Кореяның Чунджу қаласында өтетін лицензиялық Азия чемпионаты кейінге шегерілді, деп хабарлайды халықаралық есу федерациясы.

Оңтүстік Кореяда коронавирус індетінің жаппай таралуына байланысты халықаралық ескек есу федерациясы аталған жарысты Швейцарияның Люцерн қаласына ауыстыру туралы шешім қабылдады. Енді академиялық есуден лицензиялық Азия чемпионаты 17-19 мамыр күндері Люцерн қаласында өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін коронавирустың таралуына байланысты Оңтүстік Корея Сеул қаласында шорт-тректен әлем чемпионатын өткізуден бас тартқан еді.

Айта кетейік, Оңтүстік Корея әлемдегі короновирус індеті тараған елдер арасында Қытайдан кейінгі екінші орында тұр.

 

 

Тегтер: спорт, короновирус, 2020жыл, бәсеке, лицензия

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.