Түркістан: діни экстремизмге күрес күшейді
Ордабасы аудандық жастар сарайында жастар арасында деструктивті діни ағымдардың алдын-алу, этносаралық татулықты сақтауды түсіндіру мақсатында кездесу ұйымдастырылған
Ордабасы аудандық жастар сарайында жастар арасында деструктивті діни ағымдардың алдын-алу, этносаралық татулықты сақтауды түсіндіру мақсатында кездесу ұйымдастырылған.
Бұл туралы newsroom.kz Түркістан Облысының Полиция Департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
Кереғар діни ағымдарға теріс ұғым қалыптастыру мен жат ағым жетегіне кетудің алдын алуды көздейтін іс-шарада Ордабасы аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілі Бексұлтан Ташимов діни ахуалды жетілдіру, деструктивті діни ағымдардың алдын алу жолдары мен дін бағытындағы бірқатар ақпараттармен бөлісті.
Сонымен қатар, кереғар діни ағымдардан сақтану жөнінде спорт саласының мамандарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жиынға қатысушы жастар мен сала мамандарына діни экстремизм мен терроризм көріністерінің алдын алу үшін үгіт-насихат, дәстүрлі отбасылық құндылықтарды дәріптеу, түсіндіру, ұлттық тәлім-тәрбие беру, діни ағымдар туралы мәлімет бере отырып және олардан аулақ болуы жайлы айтылды.