Аймақтар

Түркістандық полицейлер 5 млн теңгесін жоғалтқан азаматтың құқығын қорғады

5 миллион теңгеден астам ақшаны қалтасына басқан әйел ұсталды

Өз несиесін төлеу үшін, «мемлекеттен ақша алып беремін» деп алдап, 5 миллион теңгеден астам ақшаны қалтасына басқан әйел ұсталды

Бұл туралы newsroom.kz Түркістан Облысының Полиция Департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жетісай аудандық полиция бөліміне 3 бірдей тұрғын арызданған. Олардың айтуларынша, таныстары «кәсіпкерлікті қолдауға мемлекеттен берілетін қайтарымсыз ақша алып беремін» деп, уәде беріп, 5 миллион теңгеден астам ақшаларын алып, қайтармаған. Содан әр жәбірленушіден қомақты ақша алған соң уәдесін орындамай қашып жүргенін жеткізді. Жәбірленушілерге 5 миллион теңгеден астам шығын келтірген.

Аталған фактіні полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Тәжірибелі полицейлерден құрылған жедел-тергеу тобы жергілікті тұрғындарды уысына түсірген алаяқты ұстауға қажетті шараларды жасады. Жедел-іздестіру нәтижесінде күдіктінің жеке-басы анықталып, ол полицияға жеткізілді. Белгілі болғандай, күдікті әйел ірі көлемдегі ақшаны өзінің несиесін жабу үшін алған. Қазіргі таңда күдікті әйел қамауға алынып, аталған іс бойынша жинақталған құжаттар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.