Түркістан: полицейлер жемқорлыққа қарсы
Құқық қорғау саласында жемқорлық көп деп жататын қоғамдағы қасаң стереотип бұзылуда. Бұл салада жыл өткен сайын ашықтық пен қоғамға деген жақындық байқалуда.
Құқық қорғау саласында жемқорлық көп деп жататын қоғамдағы қасаң стереотип бұзылуда. Бұл салада жыл өткен сайын ашықтық пен қоғамға деген жақындық байқалуда.
Мәселен, Түркістан облысына қарасты Арыс қаласында полиция қызметкерлері жемқорлыққа қарсы шара өткізген. Бұл туралы newsroom.kz Түркістан Облысының Полиция Департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
Полиция департаментінің кадр саясаты басқармасының бастығы М.Асқаровтың төрағалығымен жеке құрам жиналысы Арыс аудандық полиция бөлімі мәжіліс залында өткен.
Жиынның негізгі мақсаты - сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде қабылданған заңнамалық шаралардан хабардар ету, ұжымдағы парасаттылық құндылықтарын дәріптеу. Кездесу соңында ПД кадр саясаты басқармасының бастығы Президенттің бастамалары барлық мемлекеттік органдарға үлкен жауапкершілік жүктейтінін, осы өзгерістердің барлығында және құқық қорғау органдарының, әсіресе полицияның рөлі зор екенін атап өтті.
Ал осы уақытта Түркістан облысы ПД Кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары Е.Шамшат болса, Мақтаарал аудандық полиция қызметкерлерімен кездесіп, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жиын өткізген.
Аталмыш шарада ПД Кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі бағыттары мен нормаларын түсіндіру мақсатында жеке құрам қызметкерлеріне Президент жолдауындағы тапсырмалардың басты назарда болуын қатаң ескерткен.
Енді өзге өңірдің тәртіп сақшылары түркістандық полицейлерден үлгі алып, осы бағыттағы жұмысқа өз үлестерін қосса игі...