Түлкібаста полицейлер жастармен есірткінің зияны туралы кездесу өткізді
Түлкібас ауданында тәртіп сақшылары студенттерге нашақорлықтың зиянын түсіндірді.
Түлкібас аудандық полиция қызметкерлері Агробизнес және саяхат колледжінің студенттеріне «Есірткісіз болашақ», «нашақорлық-қоғам дерті» атты тақырыпта семинар ұйымдастырды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Шараны Түлкібас аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі А.Серикбаев төрағалық етті.
Басқосудың мақсаты- жастар мәдениеті, соның ішінде салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлықтың алдын алу, жастарды зиянды әдеттерден барынша аулақ болуға шақыру.
Аталмыш шарада полиция подполковнигі нашақорлық індеті жер бетінде миллиондаған адамның өмірін жалмап жатқандығын және аталған індеттің жас талғамайтынына тоқталды. Қазіргі жастардың өмір сүру салты мен статистикалық көрсеткіштері талқыланды.
Сонымен қатар нашақорлық және жасөспірімдердің қылмыс проблемасы, кәмелетке толмағандардың есірткіге құмарлығын қалыптастыруға ықпал ететін факторлар жайлы айтылды. Жиын соңында жастарды жаман әдеттерден бойын аулақ ұстаудың маңыздылығын, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытын тиімді істермен айналысуға шақырды. Жастар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, өзара еркін пікір алмасты.