Арыста жүкті әйелдерге зорлық-зомбылықтан қорғану шарасы өтті
Арыста жүкті әйелдерге полиция қызметкерлері профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді
Арыста жүкті әйелдерге полиция қызметкерлері профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Арыс аудандық полиция бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция майоры А.Мырзахметова мен Арыс аудандық орталық емханасының психологы Ж.Алимбетова Арыс аудандық орталық емханасына келген жүкті әйелдерге профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында қазақ елінің демографиясына үлес қосып жүрген аналармен тілдесіп, қандай да бір көмек қажет болса, әрқашан дайын екендіктерін жеткізді. Кез-келген зорлық әрекеттеріне жол жоқ екенін ұғындырды. Сондай-ақ отбасы құндылығы, бала тәрбиесі бойынша пікірлерін ортаға салынды.
Өз кезегінде әйелдер тарапынан ұйымдастырушыларға сұрақтар мен ұсыныстар айтылып, тұщымды жауаптар беріліп, ақпараттық үнпарақтар таратылды.