Жетісайда сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша кеңес өтті
Жетісайда полиция қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кеңес өтті
йЖетісайда полиция қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кеңес өтті.
Жетісай аудандық полиция бөлімі қызметкерлеріне президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауы жайында және «Жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты сақтау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу» бойынша кең көлемде кеңес өтті,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Іс-шараға Түркістан облысы полиция департаменті кадр саясаты басқарма бастығының орынбасары Ә. Мырзаханов пен жеке құрам инспекциясы бөлімінің бастығы Д. Тұрлыбеков, аудан полицейлері қатысты.
Жедел кеңестің мақсаты - жеке құрам қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық заң бұзушылықтарына жол бермеу, қызметтік тәртіпті сақтап, жұртқа жақын полиция қағидатын қалыптастыру. Кеңес барысында спикерлер жеке құрамға ҚР ІІМ бастығының негізгі талаптары мен тапсырмаларын жеткізді. Сондай-ақ алдағы кезеңге арналған міндеттер мен жоспарларды айқындап, Түркістан облысы ПД бастығының тапсырмаларын іске асыру бойынша нұсқаулар берді.