Түркістан: Қоғамдық орында ішімдік ішкендерге айыппұл салынды
Түркістан қаласының полицейлері қоғамдық орындарда ішімдік ішкендерге айыппұл салды
Түркістан қаласының полицейлері қоғамдық орындарда ішімдік ішкендерге айыппұл салды.
Түркістан қаласы полиция басқармасының қызметкерлері өздеріне бекітілген аумақта профилактикалық жұмыстар жүргізу кезінде қоғамдық орында ішімдік ішіп, елдің мазасын алып отырған азаматтарды анықтады,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Оларға ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы «Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу» бойынша хаттама толтырылып, айыппұл салынды.
Осы ретте, Түркістан полиция департаменті қоғамдық орындарда әдептілік пен тәртіпті сақтап, ішімдік ішпеуге шақырады. Сонымен қатар, алдағы уақытта осы бағытта рейдтік шаралардың күшейтілген түрде жалғасады,- дейді ПД өкілдері.