Сүйінші! Қазақстан халқы 20 млн-ға жетті
Тоқаев Қазақстан халқын 20 миллионға жетуімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халқымыздың саны 20 миллионға жеткенін хабарлап, қуанышты жаңалықпен қазақстандықтарды құттықтады,- деп хабарлайды newsroom.kz.
Президенттің құттықтауы Х парақшасында жарияланды:
"Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы – бақуатты елдің негізі. Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға баса мән береді".