Әйеліне кек қайтармақ болған ер адам өз үйіне ұшақпен келіп соғылған

20 Тамыз, 2018 526 0

Пейсон штатының тұрғыны жеңіл моторлы ұшақпен өз үйіне келіп соғылған. Ал үйінде әйелі мен баласы болған.

Ер адамның өзі көз жұмған. Ал әйелі мен баласы аман қалған. Ер адам мінген ұшақ оның жұмыс берушісінікі болған. Ал өзі тәжірибелі ұшқыш болған. Бір күн бұрын ішімдік ішіп, әйелімен жанжалдасқаннан кейін көршілері тәртіп сақшыларын шақырған. Ол кепілмен босап шығып, әуежайға барып, ұшаққа мініп, қасақана өз үйіне келіп соғылған.
Дереккөз: КорреспонденТ

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.