Тоқаев ІІМ-не Салтанат Нүкенованың ісін қатаң бақылауды тапсырды
Тоқаев құқық қорғау органдарының басшыларымен кеңесті
Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының басшыларымен кеңес өткізді,- деп хабарлайды newsroom.kz.
Елордалық мейрамханалардың бірінде болған адам өліміне қатысты Президент ІІМ басшылығына бұл істі ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.
"Заң бәріне бірдей болуы керек. Қоғамдағы әділеттілік - бұл азаматтардың заңдылықты нығайту жолындағы ынтымақтастығы. Әділетті Қазақстан - Заң мен тәртіп орнаған ел", - деді Президент.