2 оқушы барған мектеп соғуға 750 млн теңге жұмсаған
Оңғар Қабден Железинка ауданындағы оқиғасы туралы айтты
Бұл туралы newsroom.kz порталы хабарлайды.
Өткенде Павлодар облысының Ресеймен шекаралас Железинка ауданын аралап едім. Сонда жағамды ұстап қайттым - деп жазды белгілі блогер Оңғар Қабден.
“Біздікілер мемлекеттен бір миллион жеу үшін он миллионды, он миллион жеу үшін жүз миллионды құрбандыққа шалады екен” деген ол ашына жазды.
Оның жазуынша, Моисеевка ауылында 250-ден аса адам тұрады. Бұл ауылда оқушы саны 43. Сол қырық үш оқушысы бар ауылға биыл 750 миллион теңгеге мектеп салынған. Облыстық білім басқармасы ұсынған құжатта 750 миллион теңге деп көрсетілген. 100 оқушыға арналған мектепте 43 оқушы ғана екен!
Биыл сол мектепке бірінші сыныпқа 2 -ақ оқушы барған! Мына мектепте қандай болашақ? - дейді О.Қабден.
- Екібастұз қаласына қарасты Зеленая роща ауылында 80 оқушыға арналған мектепті 58 миллионға салып еді. Ал, мына мектепке 750 миллион теңге!
Аудан орталығы Железинкадан он үш шақырым жердегі ауылдан 750 миллионға мектеп салғанша оқушыларды автобуспен тасу әлдеқайда арзанға түсер еді.
Ал мектеп салатын жер телімін ұтып алған компания Атыраудікі. Тендер жарияланардан үш ай бұрын құрылған екен! Атырау қайда, Железинка қайда?
Р.S. Айтпақшы, осы ауданның Кузьмино ауылында 5 оқушы, Абай ауылында 3 оқушы оқиды. Мектепте оқушыдан мұғалім көп.
Есқара ауылында жиырмадан аса оқушы, отыз шақты қызметкер бар - деген блогер жазбасы қызу талқылануда.