Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Бізде бәрі қымбат! Жиһаз 15 пайызға көтеріліпті

Қазақстанда жиһаз бағасы өсті

Бізде бәрі қымбат! Жиһаз 15 пайызға көтеріліпті
фото: inbusiness.kz

 2023 жылдың қаңтар–қыркүйегінің қорытындысы бойынша, елімізде 58,4 млрд теңгеге жиһаз өндірілді,- деп хабарлайды newsroom.kz.

 Былтырғыдан 24,9% артық өнеркәсіп өндірісінің индексі (ӨӨИ) 136,9%-ды құрады, бұл саладағы өнім көлемінің 36,9% өскенін көрсетеді.
Өңірлер бойынша ең көп жиһаз Алматыда шығарылды: 15,5 млрд теңге, бір жылда 16,2% көбейген. Екінші және үшінші орында Алматы (5,6 млрд теңге, 60% көбейген) және Қарағанды (5,3 млрд теңге, 53,6% көбейген) облыстары.

Биыл қаңтар–тамыз қорытындысы бойынша, жергілікті компаниялар металл орындықтар мен басқа да отыратын жиһаздарға сұранысты (ішкі нарықтағы сату және экспорт) бір жыл бұрынғы 49,7%-бен салыстырғанда 32,9%, ағаш орындықтарға сұранысты — 12,5% ғана, басқа отыратын жиһаздарға сұранысты бар болғаны 1,6% ғана қамтамасыз етті.

Кеңсе ағаш жиһазында жағдай жақсырақ. Мәселен, биыл сегіз айында отандық өндірушілер мұндай жиһазға сұраныстың 74,6%-ын қамтамасыз еткен. Бөлшек сауда кәсіпорындарына арналған жиһаз секторында компаниялар сұраныстың 73,9%-ын қамтыды. Ас үй жиһазымен қамтамасыз ету 60,8%-ды құрады. Асхана мен қонақ бөлмелеріне арналған ағаш жиһаз секторында сұраныс 11,8% ғана қамтамасыз етілген. Матрасқа деген сұраныс бір жыл бұрынғы 59,3%-ға қарағанда 50,6% жартылай қамтамасыз етілді.
Жалпы, ел жиһазбен өзін-өзі әлі қамти алмай отыр. ҚР үкіметі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына отандық жиһаз және әрлеу материалдарын өндірушілердің қатысуын арттыруды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

2023 жылдың қазан айында жиһаз және тұрмыстық заттар бір айда 0,4%, бір жылда 15,2% қымбаттады.
Ай сайынғы динамикада бағаның өсуі үш өңірде ғана байқалды: Маңғыстау облысында — 8,3%, Жетісу облысында — 4,4%, Павлодар облысында — 0,7%. Басқа өңірлерде баға өткен айдың деңгейінде қалды.