Елордалық прокуратура: құрылыста құлаған альпинистер бойынша күдікті қамалды
Елордада құрылыс алаңында альпинистердің құлауына күдікті қамауға алынды
Осы жылдың 12 қазанында Астана қаласында төрт өнеркәсіптік альпинист биіктіктен құлап, олардың үшеуі қайтыс болған еді. Қала прокуратурасының тапсырмасы бойынша тергеу органы ЖК басшысына қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды деп хабарлайды астаналық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған newsroom.kz порталы.
Қазіргі күні полиция департаменті ҚК-тің 277-бабы 3-бөлігіне сәйкес, «Абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу» дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде екен.
Тергеу барысында жұмыс беруші – ЖК басшысының қызметкерлердің қайтыс болуына қатысы бар екендігі туралы дәлелдер жиналған.
Құқық бұзушылыққа қатысы бар барлық адамдарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде дейді баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Қылмыстық істі тергеу барысы қала прокуратурасының бақылауында екен.