Жақсы жаңалық! Санымыз 20 млнға жақындады
Бір жылда ел халқы 1,4% көбейді
Бұл туралы newsroom.kz порталы finprom.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
2023 жылдың қыркүйек айында Қазақстан халқының саны 19,9 млн адамды құрады, бұл былтырғыдан 1,41%-ға артық.
Биыл жыл басына қарай елімізде 19,8 млн адам болса, жылдық өсім 1,35%. Жалпы, ел халқының өсу қарқыны 1,28%–1,49% деңгейінде. 2022 жылы халық санымыз 3,3% -ға өсіп, ең үлкен өсімді көрсеткен еді.
Күз айы бойынша халық саны ең көп өңірлер Алматы қаласы (2,2 млн адам), Түркістан (2,1 млн адам) және Алматы (1,5 млн адам) облыстары.
Ең аз Ұлытау, Солтүстік Қазақстан және Абай облыстарында: 221,5 мың, 531,7 мың және 608,9 мың адам.
Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан, Абай, Жетісу, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында халық санының төмендеуі байқалды.