Жамбыл облысының әкімі жаңа аптаны Генри Фордпен бастады

Қарашөкеев инженер Генри Фордтың сөзін әлеуметтік желісінде бөлісті

фото: коллаж newsroom.kz

Ассалаумағалейкүм, құрметті жамбылдықтар! – деп фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында пост бастаған облыс әкімі Ербол Қарашөкеев әлемге танымал конструктор әрі инженер Генри Фордтың сөзін цитата ретінде келтірген,- деп хабарлайды newsroom.kz.

«Бүкіл әлем Сізге қарсы болып көрінсе де, ұшақтың желдің бағытымен ұшпайтынын ұмытпаңыз!» 📚 Генри Форд ✍🏻

«Жаңа аптада шынайы іс-әрекеттеріміз көп болсын!» - деген облыс әкімінің желідегі жазбасын желі қолданушылары жылы қабылдаған сыңайлы. 

500 тарта лүпіл жинап, 70 жуық пікір жиналған жазбаға «Алла хайырын берекетін берсін», «Жаңа апта жағымды жаңалығымен қуантсын! Айтқаныңыз келсін,рақмет!», «Әумин» деген сарындағы пікірлер көптеп жазылған.

Айта кетейік, Генри Форд туған Детройт қаласы мен Жамбыл облысының орталығы Тараздың арақашықтығы шамамен 10 193 шақырым...

Жүктелуде...