Қазақстанда +17+22°С-қа дейін күн жылуы мүмкін
Қазақстанда күн жылиды
Қазгидромет алдағы – 14-16 қараша күндері ауа райы қандай болатынын айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, қарашада күн өткен жылмен салыстырғанда едәуір жылы болмақ.
"Басынан бастап Қазақстанның батысы, содан кейін қалған аймақтары екі – оңтүстік және Атлант мұхиты циклонының ықпалында болады. Олар ауа райын бұлтты және жаңбырлы етеді. Ал температура фоны айтарлықтай монотонды болады деп болжанып отыр. Бірақ орташа жылы. Тек еліміздің оңтүстік облыстарында көшпелі бұлт шығып, күндіз ауа температурасы +17+22°С-қа дейін көтеріледі.", - делінген хабарламада.