Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

«Қарындасымызды мазақ еткен»: С.Нүкенованың ағасы Бишімбаев туралы айтты

Қайрат Нүкенов қарындасының қазасына байланысты сұмдық жағдайлармен бөлісті

«Қарындасымызды мазақ еткен»: С.Нүкенованың ағасы Бишімбаев туралы айтты
фото: ашық дереккөзден

Павлодардың экс-әкімі Қайрат Нүкенов экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан қарындасы Салтанат Нүкенованың қазасына қатысты ақпараттармен бөлісті,- деп хабарлайды newsroom.kz7

 Болат Аманбаевқа берген сұхбатында Cалтанатты аяусыз өлтірген Бишімбаевты ешқашан кешірмейтінін айтты.

Байқаусызда өлтіріп алса, кешіруге болатын еді, бірақ біз оның қарындасымызды қалай мазақ еткенін көріп отырмыз. Былай барлық құбыжық істемейтін де шығар. Егер біз кешірсек, ол басқа адамды өлтіріп қоюы мүмкін, ол басқа қайғылы жағдай болар еді, - деді ол. Біз оған жасалған сараптамаға күмәніміз бар. Көбі ол есірткі қолданды дейді. Бірақ есірткі қолданғаны расталған жоқ. Тергеу оны жауапкершіліктен босатқысы келіп тұр. Мәйітті жуған кісілер мұндай жарақаттарды, дененің көгерген тұстарын бұрын-соңды көрмегенін айтады. Ол інісін шақырып, қарындасымыздың көз жұмғанын күтті деген болжам бар. Ол бөлмеге бірнеше рет кіріп, оның өлгенін тексерген, өлгеннен кейін ғана жедел жәрдем шақырған, - деді Қайрат Нүкенов. 

Қайрат Нүкенов Бишімбаевтың інісі де, адам өлтіруге қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы керек дейді.