Қылмыс

Жетісуда 27-дегі қызды полиция департаментінің бастығы зорлаған ба?

Талдықорған полиция бөлімінің бастығы қамауға алынды

Жетісу облыстық полиция департаментіне 27 жастағы бойжеткен жеке қауіпсіздігі бойынша арыз жазған. Ол Талдықорған полиция бөлімінің бастығының кеңсесінде болған зорлау фактісі туралы мәлім етті, деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Бүгін аталған факті бойынша 120-баптың 2-бөлігі "зорлау"бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. Күдікті ретінде Талдықорған қалалық ІІБ бастығы Марат Көштібаев ұсталғаны белгілі болды. Ол Ескелді ауданындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.