Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
13 қараша, 2023 / Рысжан Амантай / Қылмыс

2,1 миллиард! Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан қаражат ұрланды

Қазір тергеу жүріп жатыр

2,1 миллиард! Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан қаражат ұрланды
фото: paryz.kz

Алматы облысындағы аурухананы басқарған компанияның басшысы мен есепшісі өздеріне бағынышты ұйымдардан медициналық бұйымдарды сатып аламын деп ақша жымқырған, деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Ірі мөлшерде ұрлық жасады деген күдік бойынша тергеуді ҚМА аумақтық департаменті жүргізіп жатыр.

Медициналық мекеме 2020 жылдың қазан айында сенімгерлік басқаруға берілген. 

"2020-2022 жылдар аралығында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан бөлінген 2,1 млрд теңгеден астам қаражат ұрланған. Күдіктілерге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды", деді – ҚР ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.