Сүйінші! Мұнай бағасы қымбаттапты
Қарашаның ортасынан бастап мұнай бағасы өсті
Brent мұнайының бағасы 2023 жылдың қараша айының ортасынан бастап алғаш рет барреліне 82 доллардан асты деп жазады oilprice.com сілтеме жасаған newsroom.kz.
Лондондағы ICE биржасында Brent эталондық маркалы мұнайдың бағасы 2023 жылдың 13 қарашасынан бастап алғаш рет барреліне 82,45 доллардан асқан.
Қараша айында жеткізу фьючерстік келісімшартының құны барреліне 80 долларға дейін өскен.