Sportroom

Әлібек Зекенов самбодан әлем чемпионатының қола жүлдегері

Қазақстандық спортшы Әлібек Зекенов самбодан әлем чемпионатының қола жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлайды newsroom.kz.

Ол үшінші орын үшін тәжік балуаны Бахтовар Замировпен белдесті.

Қазақстандық спортшы қарсыласын 3:0 есебімен жеңді.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық Арайлым Әбенова самбодан әлем біріншілігінің финалына шыққан еді.