Жаңалықтар

15 млн жинапты: партия хатшысы ақша үнемдеуге шақырды

Партия хатшысы ақша үнемдеуге шақырды

“Аманат” партиясының хатшысы Жұмағазиев Эльдар қарапайым отбасының адамдары "үнемдеп", 15 млн жинай алады деп, басқаларды да соған шақырды,- деп хабарлайды newsroom.kz.

 

“… бірінші сыныпқа баласы барғанда, депозит ашқан екен. Анасы еден жуушы болып жұмыс жасайды, әкесі құрылысшы. Екеуі бірігіп ақшасының бәрін депозитке жинаған. Қазір баласы 8 сыныпта оқиды, олардың шотында баласына деген 15 млн теңге жиналды. Сондықтан, мен ойлаймын, үнемдеуге осылай бәріне үйрету керек сияты. Біз үйретіп, осы отбасының мысалын бәріне айтып жүрміз.”- деді хатшы.

 

Ал, журналист Оңғар Қабден өз парақшасында хатшының бұл сөзімен келіспейтінін жазды.

“Күн сайын жаңа комедия. “Шаншар”, “Алдараспанды” жаба салу керек қой. Тұрсынбек те неге жаңа әзіл концерт қоймай жүр десем мыналардың шаңына ілеспейді екен ғой. Тазалықшының айлығымен 8 жылда 15 млн жинаған дейді”- деп жазды журналист.